БҚО Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды
БҚО Өңірлік кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесімен мақұлдауы бойынша «Атамекен» ҚР ҰКП Басқармасының шешімімен БҚО Кәсіпкерлер палатасы директоры болып Нұржан Ерболатұлы Мақсотов тағайындалды
.jpg)
Қысқаша өмірбаяны:
Нұржан Ерболатұлы Мақсотов 1978 жылы 9 мамырда БҚО Теректі ауданы Сары-Өмір ауылында дүниеге келді. Қазақ мемлекеттік заң университеті «Кәсіпкерлік құқық» кафедрасында «Құқықтану» мамандығын алды.
Еңбек жолын 2000 жылы М.Өтемісов атындағы БҚМУ-де оқытушы болып бастады. Содан кейін ол «Батыс Қазақстан облысы әділет басқармасы» ММ жетекші маманы болды; 10 жылдан астам уақыт «Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде бас маман және мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді; 2013 жылдан бүгінгі күнге дейін БҚО Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары қызметін атқарды. ӨКП-да жұмыс істеген кездегі алған марапаты – «Ісіне адалдығы үшін» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 3 дәрежелі медалін иеленді.
Жиын барысында Өңірлік кеңестің төрағасы Басқарманың шешімін жария етті және жаңа басшыны құттықтап, Кәсіпкерлер палатасы ұжымына алдағы жылы жаңа жетістіктер тіледі. Сондай-ақ жиында алдағы міндеттер мен жоспарлар айтылды.



Пікір қалдыру:
Пікірлер: