«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мемлекет басшысы квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий мерзімін ұзартты

2020 жылғы 28 Желтоқсан
4627 просмотров

Мемлекет басшысы «Квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізу туралы» ҚР Президентінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 51 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда

 ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 51 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 29, 245-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«1.  2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізілсін, оған мыналар:».

2.  Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер