«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Санитарлық тазалауды Қазақстанда жүргізу вагондардың шекарадан өтуін тездетеді

2020 жылғы 29 Желтоқсан
9943 просмотров

Қазақстандық вагондар екі айға жуық уақыт Қытай бағытында кезекте тұр. Күшейтілген карантиндік шаралар салдарынан қытай темір жолдары тәулігіне 800 вагон орнына небәрі 500 вагон қабылдап жатыр. Қазақстандық кәсіпкерлер шығынға батып жатыр, серіктестер алдында міндеттемелерін орындай алмай, ситуацияны форс-мажор ретінде бекіте алмауда. Осы ретте Қытай шекарасына қарай жолда 7 мың вагон межеге жетпей қараусыз қалған.

24 желтоқсанда «Атамекен» өкілдері ҚР ИИДМ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, жүк жөнелтушілер, вагондар (контейнерлер) иелері, «Транко» АҚ, «ТрансКом» ЖШС, «Шенкер Қазақстан» ЖШС, «Первая Мультимодальная Компания», ЖШС, «Шынгар Транс» ЖШС, Қазақстан көлікшілер одағы, Қазақстан астық одағы, «Атамекен-Агро» АҚ,  «Совместное предприятие «ДЭН» ЖШС өкілдерімен бірге жағдайды бағалау және Қазақстан-Қытай шекарасында автомобильдер кезегін қалай азайтуға болатынын түсіну үшін «Достық» станциясына барды. Делегация бақылау-өткізу пункті, жүк тиеу орындары мен терминалдар, сондай-ақ пойыздардың тұрақтары және кірме жолдардың жұмысымен танысты.

 «ҚТЖ-Жүк тасымалдары» ЖШС бас директорының орынбасары Қанат Көбесовтың айтуынша, Қытай темір жолымен күнделікті келіссөздерге және қаңтар айында вагондардың 2 мыңға қысқаруына қарамастан, қабылдау деңгейі төмен болып отыр. Бұдан бөлек, вагондарды 2,5 тәулікте қайтару нормасында Қытай жағы вагондарды 5 күн ұстайды. Ситуация қазақстандық темір жолды вагондарды жүктермен ҚХР-дан қайта тиеу үшін қосымша бос пойыздарды жіберуге мәжбүрлейді, бұл ішкі қажеттіліктерге зиян келтіреді.

 «Айдың басынан тасталған вагондар санын 9 мыңнан 7 мың бірлікке дейін қысқарттық. Біз ауыл шаруашылығы өнімін қабылдау үшін барлық күшті салып жатырмыз, өйткені азық-түлік өнімдері тез бұзылады», – деді Қанат Көбесов.

ҚТЖ шектеулерді алып тастауына қарамастан отандық кәсіпкерлер арасында  вагондарды қабылдау бойынша ҚХР болжамдарының болмауына байланысты алаңдаушылық күшейіп келеді.

«Вагондар Қытайға қашан кіре алатынын білмей отырмыз. Санитарлық шараларды күшейтіп, қытай тарапы әр вагонды санитарлық тазалаудан өткізеді, осы үдеріс тасымалдау уақытын ұзартып, қазақстандық тараптағы көлік кептелісін арттыра түседі. Қажетті механизмді белгілеу және жылжымалы составты санитарлық тазалауды қазақстандық тарапта жүзеге асыру – ҚХР-да вагондарды қабылдауды тездетеді», – деп ұсынды «Атамекен» ҚР АЭС логистика және тасымалдау департаментінің директоры Мұрат Амрин.

«Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС атынан келген «Транко» АҚ бас директорының орынбасары Сергей Анашкин вагондарды қабылдаудың кешеуілдеуі тау-кен өнімдерінің экспортына кері әсер ететіндігін айтты. ҚХР мемлекеттік органдарының шектеулеріне байланысты логистиканың ара-тура бұзылуы осы бағыттағы экспорттық стратегияны қайта қарауға және сатудың жаңа нарықтарын іздеуге әкелуі мүмкін, бұл жүктің бос тұрып қалу уақытының ұлғаюына және тау-кен металлургия кешеніндегі компаниялардың әлеуетінің төмендеуіне әкеп соғады.

 

  «Мәселен, қараша және желтоқсан айларында «Балқаш-1» және «Жезқазған» станцияларында Қытай бағытында катодты мысты эспорттау мүмкіндігінің болмауы   «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС өнімдерін сату көлемінің төмендеуіне әкелді, бұл компанияның жылдық сатылымының шамамен 79%-ын құрайды. ҚХР бағытында тауарларды жөнелту жоспарларын орындамауға байланысты осындай жағдай басқа отандық кәсіпорындарда байқалады», – деп баса айтты Сергей Анашкин.

 ҚР ІІМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Тайжанов атап өткендей, жағдай пандемиямен және ҚХР-да карантиндік шаралардың күшеюімен қиындап кеткен.

 «Біз қытай тарапымен бірнеше рет байланысқа шықтық, дипломатиялық ведомстваларға хаттар жолдадық, сондай-ақ Қытай үкіметіне тікелей шықтық. Жалпы, бәріңіз көргендей, қазақстандық тарапта ешқандай шектеулер мен кедергілер жоқ. Біз Қытай тарапымен проблеманы шешуді жалғастырамыз және оны үнемі бақылауда ұстаймыз», – деді Жәнібек Тайжанов.

Жәнібек Тайжанов 2021 жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасында көзделген Достық станциясының инфрақұрылымын дамыту ҚХР-ға/ҚХР-дан жүк тасымылын көбейтуді деп санайды.

Осы ретте көтерілген мәселелердің қиындығын ескере олтырып, қазіргі кезде бірлесіп әрекет ету реттеу процесі жүзеге асырылып жатыр.

    Кездесу барысында кәсіпкерлер жүк тиелген вагондарды тар табанды бар қазақстандық терминалдардан дөңгелек жұптарын ауыстырмай жөнделту мүмкіндігін қарауды ұсынды. Бастама кең табанды пойыздардағы кептелісті жеңілдетеді. ҚХР Үкіметінің ресми ұстанымының болмауын ескере отырып, бизнес проблеманы ҚР Премьер-Министрі жанындағы Көлік жөніндегі кеңестің келесі отырысына шығаруды сұрайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер