«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бухгалтерлер салық заңнамасының өзекті мәселелерін талқылады

2020 жылғы 25 Желтоқсан
2988 просмотров

«2021 жылда салық заңнамасындағы өзгерістерге шолу» онлайн-конференциясына 14 мыңнан астам адам қатысты. Іс-шараны ҰКП Бухгалтерлер клубы мен Учёт.kz порталы ұйымдастырды

Конференция барысында ҚҚС, жеке табыс салығы, бөлшек салық бойынша арнайы салық режимін енгізу, инвестициялық салықтық несие механизмін енгізу, Салық кодексінің 3-бабына өзгерістер енгізу, Инвестициялар туралы келісім аясында бойынша салық салу және тағы басқа мәселелер талқыланды. Спикерлер – ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин және ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Миятов болды.

 «Сұрақ-Жауап» сессиясы аясында конференцияға қатысушылардан чатқа мыңнан астам сұрақ келіп түсті. Ең өзекті сұрақтарға жауаптар тікелей эфир барысында айтылды. 01.01.2018 жылдан бастап азаматтық-құқықтық келісімшарттар (АҚС) бойынша жеке табыс салығының сомасын (ретроспективті)  есептеу кезінде міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті медициналық сақтандыруға аударымдар сомасы түрінде шегерімді қолдану қызу талқыланды.

 Алматы қаласы ӨКП Өңірлік кеңестің төрағасы, «Учет» компаниялар тобының негізін қалаушы Максим Барышев кәсіпкердің сұрағын оқыды:

 «Демек барлық бухгалтерлер 3 жылға осы сомалардың қайта есептеуін жүргізіп, 3 жылға 200.00 формасы бойынша тоқсандық есептерді қайта тапсыруы керек пе?».

 «Бухгалтерлер бұл сомаларды 3 жылға қайта есептеуге міндетті емес. Салық салу қорына 3 үш жыл үшін өзгерістер мен түзетулер енгізудің қажеттілігі жоқ, өйткені Салық кодексінің нормалары бойынша соман қайтару және есептеу жеке тұлға өтініші арқылы келеді. Егер жеке тұлға өтінішпен келсе, онда 200.00 нысаны бойынша қосымша есептілікті қайта қарау және қайта ұсыну қажет болады. 200.00 нысаны Тәуекеледрід басқару жүйесінің реттелуіне жатпайды», – деді ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті  Әдістеме департаментінің директоры Әлия Жетпісбаева.

 Сонымен қатар ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті ресми сайтында түсіндірме ақпаратты жариялайды.

 Онлайн-конференцияның бейнежазбасы сілтемеде


Еншілес ұйымдар

Серіктестер