«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнес қызметі тоқтамауы тиіс

2020 жылғы 24 Желтоқсан
9904 просмотров

«Атамекен» ҰКП қызмет етуіне әлі де тыйым салынған кәсіпкерлік субъектілеріне кезең-кезеңмен жұмыс істеуге рұқсат беруге шақырады. Үкімет егер бизнес тарапынан барлық санитарлық нормалар мен цифрлық мониторинг талаптары қатаң сақталса, ҰКП ұсынысын қарауға дайын

 «Атамекен» бастамасы бойынша 9 ай ішінде жұмыс істеуіне тыйым салынған салалардың бизнесмендері өз проблемаларын ҚР Премьер-министрінің орынбасары және Коронавирус инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның төрағасы Ералы Тоғжановқа тікелей қойды. Онлайн кездесуге ҰКП Басқарма мүшелері, кәсіпкерлер, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Түркістан қалаларының әкім орынбасарлары, сондай-ақ денсаулық сақтау, ішкі істер, цифрлық даму министрліктері басшылығының өкілдері қатысты.

Караоке мен компьютерлік клубтар, бильярд, боулинг, балаларға арналған ойын-сауық орталықтары, фудкорттар және банкет залдарының иелері олардың қызметіне қатаң тыйым салу көлеңкелі нарыққа жол ашатынын бірнеше рет айтқан болатын. Нәтижесінде мониторингтік топтар санитарлық нормаларсыз өткен бұқаралық іс-шараларды тіркейді.

 «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов кәсіпкерлер санитарлық дәрігердің позициясын және коронавирус таралуы қаупін түсінетінін атап өтті.

 «Бірақ біз тыйым салып, осы салалар жұмыс істемейді деуімізге қарамастан адамдар осы нысандарға баруын тоқтатпады. Нәтиже ретінде біз нақты ситуацияны көрмей отырмыз, кәсіпкерлер көлеңкеде жұмыс істеп жатыр, сыбайлас  жемқорлыққа жағдай жасалуда. Сондықтан бізге бизнес нысандарын аса мұқияттылықпен, кезең-кезеңмен ашуды бастауымыз керек. Алматы кәсіпкерлері өз базалары негізінде пилоттық жоба өткізуді ұсынды», – деді Ұлттық палатаның Басқарма төрағасы.

 Абылай Мырзахметов пандемия басталғаннан бері «Атамекен» және мемлекет арасында құрылымды диалог орнап, соның нәтижесінде бизнестің 90%-ы шектеумен болса да жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

 Алайда кәсіпкерліктің 13 мың субъектісіне әлі де тыйым салынған. 1-14 желтоқсан аралығында ҰКП ел ауқымында 42 мың кәсіпкер арасында сауалнама жүргізді, олардың 90%-ы – шағын кәсіпкерліктің өкілдері. Респонденттердің тең жартысы компанияларында қаржы тұрақтылығы нашарлағанын, кіріс жоғалғанын (43%), сұраныс төмендегенін (26%), жалдау құнын төлей алмау (27%), коммуналдық қызметтерді төлей алмау (15%), салық төлей алмау (15%), қызметкерлерге еңбекақы төлеу және қызмет жүргізуге қаражат жетіспеуін (13%) атаған. Әр үшінші респондент үшін жұмыс уақытын жұмыс күндері және демалыс күндері шектеу бизнесті жүргізуде негізгі кедергі саналады. Сауалнамаға қатысқандардың 10%-ы жақын арада кәсіпті жабуға жәжбүр болатынын белгілеген.

 «Ведомствоаралық комиссия шеңберінде ауқымды жұмыс жүргізілді: іс жүзінде санитарлық талаптарды ескере отырып, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға  40-тан астам алгоритм жасалды, мониторингтік топтар тексеруінде жаңа тәсілдер жасалды, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың (қызыл, сары, жасыл) аумағына байланысты кәсіпкерлік қызметті шектеу бойынша «ойын ережелері» әзірленді. Қызмет етуіне әлі рұқсат етілмеген бизнес салаларына да оңтайлы шешім табуға болады деген сенімдеміз», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева.

Спикер кәсіпкерлер өз қаржы ағынын, кіріс-шығысын  мереке алдындағы қосымша тапсырыс пен түсімдерді ескере отырып есептейтінін атап өтті. Осы себепті бизнес жұмысқа тезірек кірісу үшін санитарлық нормаларды сақтау бойынша қосымша міндеттемелер алуға дайын.

Happylon балалар ойын-сауық паркі желісінің басқарушысы Ләззат Тұрсынбаева болса,  СОО-ның балалар аймағында  қауіпсіздік қамтамасыз етіп, тіпті шағын 40-минуттық ертеңгілік өткізе алатындарын жеткізді.

«Сауда орталықтарында заманауи желдету жүйесі орнатылған, балалар ойын алаңдары 4 шаршы метрден жоғары болып келеді. Оған қоса, төбесі де биік, 10 метрден асады. Мәселен, біздің ойын алаңымыздың биіктігі –  17 метр. Мұндай жағдайда ауа жақсы алмасады,  біз бір уақытта сағатына 100 балаға қызмет көрсете аламыз, ал  әр 30 минут сайын тазалау жұмыстарын жүргіземіз», –  деді кәсіпкер.

 «Вlack star burger» өңірлік директоры Александр Рассказов сауда және ойын-сауық орталығында фудкорттарға жұмыс істеуге болатынын айтты, өйткені мейрамханаларға қарағанда қоғамдық тамақтану орындарында мерекелер жүргізілмейді, ал қонақтың нысанға келу уақыты 20-25 минутты ғана құрайды. Өз кезегінде кәсіпкерлер арнайы белгілерді, әр үстелге дезинфекциялық құралдарды қойып, қонаққа қызмет көрсететін даяшыларды белгілеп, адам ағынын қатаң бақылауға дайын.

 Мейрамхана кәсібімен айналысушылардың табысы пандемия  кезінде 40%-ға кеміген, енді кәсіпкерлер жеткізушілер, коммуналдық қызмет алдындағы міндетін өтей алмай отыр, сондықтан нысандардың жұмыс уақытын түнгі бірге дейін ұзартуды сұрайды. Банкет залының иелері жоспарланған іс-шараларды СЭҚ қызметкерлеріне алдын ала хабарлауға дайын. Бұл инспектордың өзі мерекеге келіп, талаптар мен қаулының орындалуын тексереуге мүмкіндік береді.

 

Шығынға батып, көлеңкеге кеткен тағы бір сала – компьютер клубтары. CYBERDOM тең құрылтайшының бірі Максим Исаевтың айтуынша, Нұр-Сұлтанда 120 клубтан 40 клуб жабылып қалған, қалған 80%-ы көлеңкеде жұмыс істеп жатыр.

 «Бизнесімізде орын саны нақты, біз адам ағынын бақылай аламыз, кәсіпкерлер келушілерге маскалар, дезинфекциялық құралдар мен қолғаптарды тегін таратуға дайын.  Әр келушіден кейін жуып-тазалу жүргізіледі», – деді Максим Исаев.

Жұмысқа кезең-кезеңмен рұқсат беруді бильярд иелері сұрап отыр. Салалық қауымдастық басшысының пікірінше, олар ойын-сауық нысандарына қателікпен жатқызған, өйткені бильярд спорт нысандарына жатады. Нысандар санитарлық нормаларға сәйкес келеді, олар жұмыс бастап, бизнесті сақтап қалу үшін дәрігерлердің барлық талаптарын орындауға дайын.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов бас санитарлық дәрігер Ерлан Қиясовқа караоке, фуд-корттар, боулингтер, асханалар, банкет залдары, балалардың ойын-сауық орталықтарына ашылуына санитарлық талаптар бойынша бизнестің бастамаларын қарастыруды тапсырды. Алайда, Ералы Тоғжанов вирустың қайта өршуіне жол бермеу үшін жұмысты мұқият жасау керек екеніне назар аудартты. Ведомствоаралық комиссияның келесі отырысында мейрамханалар, кафелер мен асханалардың жұмыс істеу уақытын қайта қарау туралы ұсыныстар қаралатын болады.

Сондай-ақ, Ералы Тоғжанов өзі-өзі басқару мүмкіндігімен цифрлық мониторингті қолдану мен бейнекамера орнату  арқылы санитарлық талаптардың сақталуын қадағалайтын  пилоттық жоба идеясын қолдады. Бұл жоба  жаңа жылдық мерекелерден кейін іске асырылуы мүмкін.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер