«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тәуелсіздік күні – Қазақстанның әр азаматы үшін ұлы күн!

2020 жылғы 16 Желтоқсан
9154 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы елдің басты мерекесімен құттықтады

Құрметті қазақстандықтар!

«Сіздерді еліміздің басты мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! 
Бұл күн әр қазақстандық үшін ең маңызды мереке саналады, өйткені осы күні жас мемлекеттің елдігі мен егемендігінің жаңа тарихы жазыла бастады. 
Мереке Отанымызға деген ыстық лебіз,  мақтаныш және патриоттық сезімдерге толы. Бұл азат елде тату-тәтті өмір сүріп жатқан халықтар мен ұлыстар бірлікті және кейінгі ұрпақ үшін егеменді елді сақтап қалуды ұлықтайтын күн. Осындай айтулы мерекеде әр отбасына амандық, тыныштық пен жақсылық, әр істе табыс тілеймін!»

Ізгі ниетпен, Тимур Құлыбаев


Еншілес ұйымдар

Серіктестер