Еңбек ету мақсатында келетін шетелдіктерді Қазақстанға кіргізу тәртібі өзгерді
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына кәсіпкерлерден пандемия салдарынан шектеу шаралары кезеңінде Қазақстан аумағына шетелдіктердің кіру тәртібін түсіндіру бойынша өтінімдер келіп түскен
Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өтудің бекітілген тәртібіне сәйкес 2020 жылдың 11 мамырынан бастап санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жақсарғанға дейін карантиндік шектеулер кезеңінде ведомствоаралық комиссия бекіткен тізімге сәйкес әлеуметтік маңызы бар компаниялардың қызметкерлерін (мамандары) қоспағанда шетелдіктерге елге кіру уақытша шектелді.
Сәйкесінше, шекараны өту үшін ҚР Премьер-министрі орынбасарының жетекшілігіндегі ведомствоаралық комиссияның жекелеген жазбаша мақұлдауы талап етіледі.
Бизнестің шетелік мамандардың шекараға кіруі туралы өтінішхаты жалпыға бірдей негізде қаралуы мәселеге айналды. Өтінішті қарау мерзімі 30 күнге дейін созылған.
Осы түйткілді мәселе ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кәсіпкерлік субъектілерінің проблемалық мәселелерін қарау жөніндегі жиында талқыланды. Ұлттық палата шетелдік мамандардың кіру алгоритмін қайта қарауды ұсынды.
Ағымдағы жылдың 4 желтоқсанында үкіметтік деңгейдегі 2 жиынның қорытындысы бойынша және жауапты мемлекеттік органдармен мәселені пысықтау нәтижесінде карантиндік шектеулер кезеңінде Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары шетелдік мамандарды Қазақстан Республикасына шақыртудың жаңартылған алгоритмі бекітілді.
Алгортим шеңберінде ҰКП ұсынымы бойынша өтінішхаттарды қарау мерзімі анықталды, кәсіпкердің әкімдік арқылы шетелдік мамандардың тізімдерін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне жіберу міндеті алынып тасталды.
Жаңа алгоритмге сәйкес шетелдік маманды шақырушы компания шақырылып отырған мамандардың тізімін, санын, келудің болжамды датасын анықтайды, мамандарың паспорттық мәліметтерін белгілеп, әкімдікке немесе салалық министрлікке жібереді.
Өтініш 5 жұмыс күні ішінде қаралады, қарау қорытындысы бойынша ұсынысты ВАК отырысына шығару туралы шешім қабылданады. Әкімдік теріс шешім қабылдаған жағдайда 2 күнтізбелік күн ішінде кәсіпорынға жазбаша бас тарту жіберіледі.
ВАК отырысыны хаттамасымен сәйкес шешім бекітіліп, шетелдік мамандардың Қазақстан Республикасының аумағына келуіне көмектесу үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға бұйрық беріледі.
Осыдан кейін әкімдік немесе салалық министрлік 2 күнтізбелік күн ішінде шетелден маман шақырмақ кәсіпорынға өтінішхаттың мақұлданғаны туралы ақпараттандырады.
Ары қарай, ВАК хаттамасының шешіміне сәйкес шақырушы компания шетелдік мамандарға шақыру (визалық қолдау) беру үшін қажетті құжаттарды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі көші-қон қызметінің аумақтық бөліміне ұсынады.
Анықтама үшін: ҚР Заңнамасына сәйкес кейбір шетелдік мамандарға Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарында жұмыс күшін тартуға рұқсат рәсімдеу қажет (визалық қолдау туралы өтініш бергенге дейін).
Шақыруды мақұлдағаннан кейін және визалық қолдау нөмірі алған соң шақырушы компания оның нөмірі мен хаттың көшірмесін шетелдік серіктеске немесе шетелдік мамандарға виза алу үшін құжаттарды Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерінің біріне ұсыну үшін жолдайды.
Қазақстандық виза алынған соң шетелдік мамандар барлық санитарлық нормалар мен карантиндік шараларды сақтаумен Қазақстан Республикасына кіреді (ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің талаптарын есепке алумен).
Шақырушы тарап келесі міндеттерді өзіне жүктейді:
-Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-карантиндік талаптарын сақтау;
- депортация кезінде, санитарлық және карантиндік нормалар бұзылған жағдайда шығындарды төлеу;
- шетелдік құзыретті органдарға тікелей жүгіну арқылы қабылдаушы елден кетуге ресми рұқсат алу.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: