«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» кәсіпкерлерді Қазақстанның тәуелсіздік күнімен құттықтайды

2020 жылғы 16 Желтоқсан
6050 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов кәсіпкерлерді Қазақстанның тәуелсіздік күнімен құттықтап, бизнес-қоғамдастыққа пандемияға байланысты барлық компаниялар үшін қиын кезеңде төзімділік танытқаны үшін алғыс білдірді. 

Құрметті кәсіпкерлер! Сіздерді «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және өз атымнан Ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бүгінде отандық бизнес – Қазақстанның экономикалық дамуының діңгегі. Еліміздегі жеке кәсіпкерлік нөлден басталды. 29 жыл ішінде 1,5 млн кәсіпкерлік субъектісі құрылды.  

Онда 3 млн қазақстандық еңбектенуде. Шағын және орта бизнес Қазақстан жалпы ішкі өнімінің үштен бірін құрайды. Бизнестің дамуымен халықты жұмыспен қамту, ішкі нарықты отандық тауармен толықтыру, бәсекелік ортаны қалыптастыру сынды келелі мәселелер шешіледі. Билығы жыл оңайға соқпады. Бірақ қиындықтар бізді шындай түсіп, мықты етеді. 

Құрметті отандастар, баршаңызды мерекемен құттықтап, амандық,  қажымас қайрат пен табыс тілеймін. Әр күніміз берекелі болсын! 

Тәуелсіздік тұғыры нық, ел іргесі берік болсын!  «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер