«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Пандемия кезеңінде «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша жобалар саны 2,5 есе өсті

2020 жылғы 15 Желтоқсан
4345 просмотров

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің жетекшілігімен өткен Үкімет отырысында 2020 жылдың 11 айы ішінде «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының іске асыру барысы және жергілікті қамтудың даму мәселесі қаралды

Үкімет, Кәсіпкерлік және бизнес мәселелері жөніндегі жобалық кеңсенің бірлескен күшімен  «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының шарттары жетілдірілген соң оның тиімділігі арта  түсті.

 2020 жылдың 11 айы ішінде пандемия жағдайында Бағдарлама бойынша мақұлданған жобалар саны – 920 жобадан 2586 жобаға дейін 2,5 есе артты, ал олардың сомасы 3,5 есеге өсті, бұл бөлінген қаражаттың 69%-ына тең (696 млрд теңге). Осы жобаларды іске асыруда жұмыс орындары санының өсуі болжам бойынша 20 мың бірлікті құрайды. Бұдан бөлек, мақұлданған және субсидияланған жобалар арасындағы айырмашылық қысқарып келеді. Бүгінде 444 млрд теңгеге 2003 жоба сусбидия алды. 

 Кездесу барысында Үкімет басшысы мемлекеттік органдар мен даму институттарына «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына түзетулердің 7-ші пакетін әзірлеуді тапсырды. Жергілікті қамтуды дамыту Үкімет пен Ұлттық палатаның бірлескен жұмысының басты бағыты болып белгіленген.

 «Ағымдағы жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстанда 96 млрд теңгеге «қарапайым заттар экономикасы» салаларының тауарларын мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылды. Олардағы жергілікті қамтудың үлесі 57%-ды құрады және 2019 жылдың 11 айымен салыстырғанда 2 есеге өсті», – деді Абылай Мырзахметов.

Жергілікті қамтудың ең үлкен үлесі Қарағанды, Алматы, Қостанай, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстары, Шымкент қаласымен қамтамасыз етілді, ең төменгі көрсеткіштер БҚО, Маңғыстау және Атырау облыстарында тіркелді.

 Отандық тауар өндірушілерін қолдау мақсатында әкімдіктерге жергілікті қамту үлесін бақылау және отандық өндірушілердің өнімдерін сатып алуда, оның ішінде жергілікті қамтуды бақылау жөніндегі өңірлік комиссиялар алаңында сатуды қамтамасыз ету бойынша жұмысты күшейту тапсырылды.

 «Самұрық-Қазына» қоры сатып алулары айтарлықтай әлеуетке ие. Қор сатып алуларында жергілікті қамтудың үлесі 11 ай ішінде 69%-ды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 2 есе өсті.

 Баяндама барысында Басқарма Төрағасы Қордың Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жобалық кеңсесімен бірлесіп, отандық тауар өндірушілерді қолдауға және сатып алуға қатысушылардың теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған сатып алу ережелерін жетілдіру бойынша жүргізілген жұмыстарын атап өтті.

Үкімет отырысында отандық тауар өндірушілерді жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларында қолдау мәселесі, атап айтқанда, жергілікті қамту үлесі белгіленетін жер қойнауын пайдаланушылармен келісім негізінде ерікті түрде жасауға қатысты ұсыныстар.

Жиын қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, осы мәселеге заңнамалық түзетулер енгізу тапсырылды.

Бұдан бөлек, Абылай Мырзахметов Өңірлік даму картасын әзірлеуге қатысты ақпарат берді. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Ақпараттық жүйесі базасында Өңірлік даму картасы әзірленді, онда 200-ден астам экономикалық индикатор бойынша өңірлер мен салалар кескінінде деректерді жүктеуге және автоматты түрде талдауға мүмкіндік беретін 6 дереккөзден жинақталған мәліметтер қамтылған. Жалпы, бүгінде 40-тан астам карта әзірленді және пайдалануға дайын.

 Қарағанды облысының үлгісінде өңірдің паспорты мен ресурстар картасы көрсетілді. Өңірдің паспорты ағымдағы жай-күйді, аймақтың мамандануын және өсу әлеуетін сипаттаудан тұрады. Бұл форматтағы экономикалық карта өндіріс көлемін, жұмысшылардың санын, салық көлемін және т.б. сияқты көрсеткіштерді онлайн бақылауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар әр өңір бойынша жер телімдері, су қоймалары, жұмыс істемей тұрағн нысандар, АЭА және Индустриялық аймақтар және кадр ресурстары бойынша мәліметтерді білуге болады.

 Өңірлердің экономикалық картасы шеңберіндегі мәліметтер тізімін Президент Әкімшілігі, Үкімет, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың сұраныстары негізінде кеңейтуге болатындығын ескеру қажет. Экономикалық карта негізінде мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін талдау сияқты әртүрлі модульдер көрсетілді. Бұл модуль мемлекеттік қолдаудың тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.

  Үкімет және ҰКП мәліметтерді мерзімді түрде онлайн режимінде жаңартуға келісті. Өңірлердің экономикалық картасы шеңберіндегі талдау нәтижелері Үкіметке мерзімді негізде айына кемінде бір рет ұсынылатын болады.

 

  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер