«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» және «Учёт.kz» «ҚР Салық кодексіне түсіндірме» жинағын таныстырды

2020 жылғы 15 Желтоқсан
6796 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Учёт.kz»  компаниялар тобы  «ҚР Салық кодексіне түсіндірме» жинақтың онлайн таныстырылымын өткізді.  ҚР Салық кодексіне түсіндірме – Салық кодексінің барлық нормаларына практикалық мысалдар келтірумен жасалған алғашы және жалғыз түсіндірме жинағы.  

 «Баршамызға келгілі, Қазақстанның салық жүйесі көп жылдар бойы белсенді өзгертіліп, уақыт талабына сай дамып отырды. 25 жыл ішінде: Салық туралы Жарғы және үш Салық кодексі басылып шықты. Ағымдағы Салық кодексін әзірлеуде басты міндет оны қолданушыларға мүмкіндігінше қарапайым және түсінікті ету болды. Бірақ сілтемелерді қысқарту бойынша жасалған жұмыстарға қарамастан, қолданыстағы Салық кодексінде шамамен 2 мың сілтеме қалды. Салық кодексінің күрделілігін ескере отырып, сілтемелерсіз болмайтынын түсінеміз, осындай ауқымды игері әсіресе шағын бизнес өкілдеріне қиын. Сондықтан «Атамекен» 2017 жылы Жоғарғы Сотта өткен форумда Салық кодексіне түсіндірме жасау бастамасын көтерді», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Салық салу департаментінің директоры Жеңіс Жанболатова.

 «Атамекенге» Түсіндірме жинағын дайындауда ҚР Ұлттық экономика министрлігі, ҚР Қаржы министрлігі, Мемлекеттік кірістер комитеті, сондай-ақ ҚР Салық кеңесшілерінің палатасы қолдау көрсетіп, стратегиялық серіктестікті «Учёт.kz» компаниялар тобы болды.

 «Бүкіл әлемде салық саласының заңнамасы және іс жүзінде қолдануы қиын сала деп айтсақ орынды болар. Осы бағытта әзірленген Түсіндірме – бұл салық заңнамасын оңайлату, кәсіпкерлер арасында салық мәдениетін қалыптастыру, ел азаматтарының дұрыс құқықтық сана-сезімінің келесі сатысы. Салық кодексі нормаларын бейімдеуге тырысқан авторлар қарапайым тілге ауыстыра білді, енді құралмен көпшілік қолданады деген ойдамын», – деп атап өтті ҚР Ұлттық экономика министрлігінің вице-министрі Азамат Әмрин.

 «Салық заңнамасы заң тілінде жазылып, заң шығарушы мамандар үшін ғана түсінікті. Тәжірибеде көптеген даулы жайттар, соның ішінде салықшылар арасында пайда болады, бухгалтер арасында кәсіби пікірталас туындайды. Қазіргі кезде салық нормаларын түрлі тәржімалау орын алмасу үшін біз барша салық төлеушілерге оңай тілде жазылған Түсіндірме жинағының үш томдығын әзірлеп, басып шығардық», – деді Алматы ӨКП Өңірлік кеңесінің төрағасы, «Учет» компаниялар тобының басшысы Максим Барышев. 

Айта кетелік, осы жылдың қараша айында Түсіндірмеге қосымша жарияланды. Себебі, 2020 жылы карантин мен төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты бизнесті қолдау мақсатында бірқатар салықтық жеңілдіктер қабылданды.

 «Біздің пікірімізше, Түсіндірме салық кеңесшілері, бухгалтерлер, басқа да адамдарға Салық кодексінің әр нормасының мәні мен мақсатын түсінуге көмектеседі. Түсіндірмеде басқа заңнамалар мен нормативтік-құқықтық актілерден мысалдар келтірілген. Салық кодексінің жеке ережелері кестелерде құрылымдалған және әртүрлі жағдайлар үшін мысалдар келтірілген», – деді Жеңіс Жанболатова.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер