«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» және Учёт.kz Салық кодексіне түсіндірме жинағын таныстырады

2020 жылғы 14 Желтоқсан
3520 просмотров

2020 жыл 15 желтоқсанда сағат 10:00-де Нұр-Сұлтан қаласында «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен «ҚР Салық кодексіне түсіндірме» жинақтың онлайн таныстырылым өтеді

 ҚР Салық кодексіне түсіндірме – Салық кодексінің барлық нормаларына практикалық мысалдар келтірумен жасалған алғашы және жалғыз түсіндірме жинағы. Баспа басылым оқырмандардың кең ауқымына қандай да бір  салық салудың ерекшеліктерін, сондай-ақ мемлекет жүргізіп отырған саясатты түсінуге мүмкіндік береді.

 Түсіндірме жинақты әзірлеуге ҚР Жоғарғы Сотының судьялары, ҚР Ұлттық экономика министрлігі, ҚР Ұлттық банкі, ҚР Қаржы министрлігі, Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар, сондай-ақ салық кеңесшілері мен бизнес-қоғамдастық сарапшылары қатысты.

Салық салу саласында бизнес және мемлекет арасындағы құрылымды диалогтың қалыптасуындағы алғашқы маңызды қадам «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жаңа Салық кодексінің әзірленуіне қатысуы болды. Түсіндірме – бұл салық заңнамасын жеңілдету және кәсіпкерлер мен қарапайым халықтың арасында салық мәдениетін қалыптастырудың келесі қадамы.

 Салық кодексіне түсіндірме жинағын жариялау бойынша стратегиялық әріптесі «Учёт.kz» компаниялар тобы болды. Аталған компания 2006 жылы құрылып, отандық бухгалтерлерге бухгалтерлік есеп және салық салу мәселелері бойынша ақапарат тарату, оқыту және кеңес беруді ұйымастырып келеді.

 ТІРКЕЛУ үшін сілтеме: https://uchet.kz/webinar/webby/presentation.php 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер