Мемлекет басшысы конкурс жеңімпаздарының осындай шетелдік конкурстарға қатысуын қамтамасыз етуге және оларға қолдау көрсетуге шақырды
Президент Байқау жеңімпаздарының осындай шетелдік конкурстарға қатысуын қамтамасыз етуге және оларға қолдау көрсетуге шақырды
Айта кетелік, 11 желоқсанда Нұр-Сұлтанда ҚР Президентінің «Алтын сапа» Сыйлы лауреаттарын марапаттау салатанаты өтті.
«Уақыт бір орнында тұрмайды. Әлем, экономика, технологиялық құрылымдар жылдам өзгеруде. Конкурстың талаптары жаңартылып, кәсіпкерлерімізді өз жұмыстарын үнемі жетілдіріп отыруға ынталандыруы керек. Бұл жаһандық «цифрлық әлем» және Төртінші өнеркәсіптік революцияның технологияларын қарқынды енгізу жағдайында аса маңызды. Үкімет пен Ұлттық палата жеңімпаз кәсіпорындарға қосымша қолдау көрсету тетіктері туралы ойлануы керек. Бұл бизнесті Конкурсқа көп қатысу үшін ынталандырады және еліміздегі сапа менеджментінің тұжырымдамасын ілгерілетуге ықпал етеді», – деді Президент.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы конкурс жеңімпаздарының осындай шетелдік конкурстарға қатысуын қамтамасыз етуге және оларға қолдау көрсетуге шақырды. Осы ретте, 2019 жылы «Алтын сапа» сыйлығының бес жеңімпазы өнім және қызмет көрсету сапасы саласындағы жетістіктері үшін ТМД сыйлығының иегерлері және дипломанттары атанды. Мұндай кешенді қолдау отандық кәсіпорындар үшін өздерінің бәсекеге қабілеттіліктерін арттыруға, өнім экспортын ұлғайтуға және экономикада жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.
Қасым-Жомарт Тоқаев сөзінің соңында «Алтын сапа» конкурсына қатысқан барлық бизнес өкілдеріне алғыс білдірді.
Биыл «Үздік индустриялық жоба» номинациясы бойынша Алматы қаласындағы «КЕЛЕТ» акционерлік қоғамы жеңімпаз атанды. Ал, «Үздік инновациялық жоба» жүлдесіне «KSP steel» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Павлодар филиалы ие болды. Жеңімпаздардың сыйлықтарын Президенттің атынан Премьер-Министр Асқар Мамин тапсырды.
Толық мәтінмен сілтеме арқылы танысуға болады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: