Кәсіпкерлер тұрғын үй саясатын реформалау жөніндегі заң жобасына ұсыныстар енгізе алады
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қарауына тұрғын үй саясатын реформалау мәселелеріне қатысты ҚР заң жобасының тұжырымдамасы келіп түсті.
Заң жобасы тұрғын үй қатынастары саласында, атап айтқанда халықты баспанамен қамтуға қатысты қолданыстағы заңнаманың тиімділігін арттыруға бағытталған.
Тұжырымдама келесі түзетулерді ұсынады:
- банктік қызметтен басқа, барлық санаттағы азаматтар үшін тұрғын үйді орталықтандырылған есепке алу, орналастыру және бөлуді жүзеге асыратын ұлттық даму институты (бұдан әрі – ҰДИ) болатын банкті «Отбасы банкіне» өзгерту;
-баспанаға мұқтаж азаматтардың критерийлерін әзірлеу;
- Ұлттық даму институтының орналастыру күні мен кірістерге сәйкес баспанаға мұқтаж азаматтарды әлеуметтік баспанамен қамту бойынша тәртібі
-тұрғын үйге мұқтаж азаматтар үшін әлеуметтік тұрғын үймен ҰДИ жұмыстарды белгіленген күнге және кірістерге сәйкес қамтамасыз ету тәртібі;
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз қызметін жүзеге асыратын банктің банктік қызметі және ұлттық даму институты арасында уәкілдіктерді ажырату;
- Ұлттық даму институтының баспанаға мұқтаж азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік функцияны іске асырудағы жауапкершілігі;
-баспана алуға жағдайы жоқ азаматтарға арнап жеке тұрғын үй қорларынан жалға алынған баспана үшін жалға алу құнының бір бөлігін мемлекет тарапынан субсидиялау механизмін енгізу;
- банктің ипотекалық несиелеудің мемлекеттік бағдарламаларына қатысу мүмкіндігі;
-Ұлттық даму институты болатын банкке баспанаға мұқтаж азаматтардың жеке деректерін жинау және өңдеу мақсатында мемлекеттік базаларға қолжетімдік беру, сондай-ақ, банктің кезекте тұрғандардың бірыңғай тізімін және «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» базасын жүргізуі;
-несиелеуді онлайн режимде іске асыру.
Тұжырымдамада «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» бірыңғай базасын құру және пайдалану, тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды тұрғын үй сатып алу үшін қаржыландыру, сондай-ақ халықтың мемлекет және бизнеспен өзара әрекеттесуінде цифрлық экожүйені дамытумен тұрғын үйге мұқтаж адамдардың бақылауын, есептілігін және есебін беруге байланысты туындайтын құқықтық қатынастардың жобалары қарастырылған.
Ұсыныстарды 14 желтоқсанға дейін мына электронды поштаға жіберуге болады: zh.abdullayev@atameken.kz
Пікір қалдыру:
Пікірлер: