«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары мемлекеттік қорғаныстық тапсырысқа тауар шығаруды жалғастырады

2020 жылғы 08 Желтоқсан
3947 просмотров

Ұлттық палата Комиссияның алдыңғы шешімінің жойылғаны және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының тізілімде сақталғаны туралы ресми растау алды

Еске салсақ, 2020 жылдың 29 қарашасында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитеті әскери нысандағы киім тігетін отандық өндірушілер тізілімінен 9 кәсіпорынды алып тастау туралы хабарлама жіберді. Мұндай шара аталған тізімді қалыптастыру жөніндегі комиссияның шешіміне сәйкес бұл кәсіпорындар келісімшарттық міндеттемелерді дұрыс орындай алмаған.

 Бизнестің өтінімі бойынша аталған мәселе Ұлттық палата алаңында қаралды. Іс-шараға өкілетті орган және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қатысты. Бұдан бөлек, сала кәсіпорындарының проблемасы Atameken Business арнасынан айтылды.

 Отандық тауар өндірушілерді, әсіресе төтенше жағдайлар кезеңінде және пандемияға байланысты карантиндік шараларды енгізуде қолдаудың маңыздылығын ескере отырып, жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының тізілімінен шығару туралы мәселе 2020 жылдың 10 қарашасында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму уәкілетті мемлекеттік органдардың, Ұлттық палатаның және 9 жеңіл өнеркәсіп кәсіпорынның кеңесінде қаралды.

Ұлттық палата тарапынан Комиссия шешімінің күшін жою және жоғарыда аталған Тізілімде кәсіпорындарды қалдыру үшін заңнамалық негіздердің болуы туралы дәлелді дәйектер келтірілді (кәсіпорындарда елде төтенше жағдай мен карантиндік шаралар енгізілуіне байланысты Қазақстанның Сыртқы сауда палатасымен берілген форс-мажор туралы куәліктері бар), бұл Мемлекеттік қорғаныс тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау ережелерінің 103-тармағының 5-тармақшасына сәйкес оларды тізілімнен шығармауға негіз болып отыр.

 2020 жыл 13 қарашадағы Әскери нысандағы тауарларды отандық өндірушілер тізілімін қалыптастыру жөніндегі комитеттің отырысы өтті, онда Комиссия мүшелерінің басым бөлігінің дауыс берумен алдағы шешім алынып тасталып, 9 кәсіпорын Тізілімде қалды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер