«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ауыл кәсіпкерлеріне оқу семинарлары ұйымдастырылды

2020 жылғы 03 Желтоқсан
- Батыс Қазақстан облысы
5954 просмотров

Қысқа жұмыс аптасы барысында БҚО Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары ауыл бизнесмендеріне арнап бірқатар оқу семинарларын өткізді. Онлайн режим негізінде кәсіпкерлерге салық заңнамасында және мемлекеттік сатып алулардағы жаңашылдықтар туралы ақпарат берілді

Бірінші кездесу БҚО мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерінің  қатысуымен өтті. Ауыл кәсіпкерлері мен Палатаның өңірлік филиалдарының директорларына ағымдағы жылдың 31 желтоқсанынан бастап тауарларға электронды ілеспе шот-фактуралар шығару бойынша пилоттық жоба басталғаны, электронды шот-фактураларды міндетті тіркеу енгізілгені хабарланды, сонымен қатар олар ауыл шаруашылығы және сауда саласында салық салу бойынша ақпарат берді.

 Айта кету керек, пилот барысында кәсіпкерлер бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

«Пилоттық жоба ел аумағында акцизге жататын өнім бойынша, виртуалды қойма арқылы электронды шот-фактуралар шығарылатын тауарлар, сондай-ақ ЕАЭО шеңберіндегі импорттық және экспорттық операциялар бойынша тауарлар бойынша іске асырылады», – деді Орал қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы жанама салық әкімшілігі бөлімінің бас маманы Зарина Жұмағұлова.

  Маманның айтуынша, кәсіпкерлердің ыңғайлығы үшін жоба бойынша телеграм-бот құрылған, онда сұрақтарға жауаптар беріледі. Зарина Жұмағұлова кәсіпкерлердің сұрақтарына онлайн жауап берді.

 

 «Мұндай кездесулер тұрақты ұйымдастырылады. Біз ең өзекті сұрақтарды іріктейміз», – деді Жобаларды сүйемелдеу бөлімінің жетекшісі Эльмира Өтешева.

2020 жылы шаруалар мен фермерлерге арналған жаңашылдықтар арасында кірістер мен шығыстардың есебін жүргізу міндеттілігі, бақылау-кассалық машиналарын орнату қажеттілігі бар. Бұл төлемдер жүргізілмесе, Бірыңғай жер салығын есептеу жүзеге асырылады.

 «Егер бұрын Бірыңғай жер салығын есептеуде жер ауданы назарға алынса,  енді айналымнан 0,5 пайыз есептеледі. Мемкірістер комитетінің сайтында БКМ мен мобильді қосымшалардың бекітілген 75 моделі бар, олар барлық деректерді онлайн жіберуге мүмкіндік береді», – деді БҚО Мемлекеттік кірістер комитеті Түсіндірме жұмыстар басқармасының жетекшісі Айман Қуанова.

Кезекті семинар-тренинг барысында, сонымен қатар, онлайн режимінде ауыл кәсіпкерлеріне келесі жылдан бастап мемлекеттік сатып алу заңнамасындағы жаңа өзгерістер туралы ақпарат берілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер