«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ЖАҢАДАН АШЫЛҒАН ҚАНТ ЗАУЫТЫ ӨҢІРДІ ТОЛЫҚ ОТАНДЫҚ ӨНІММЕН ҚАМТИДЫ

2020 жылғы 01 Желтоқсан
- Маңғыстау облысы
1972 просмотров

Тұңғыш Президент күні Жаңаөзен қаласында қант зауыты ашылды. Мұндай іргелі кәсіпорын Маңғыстауда алғаш рет бой түзеді. Енді облысты толықтай отандық өніммен қамтамасыз етіп, импорт алмастыруға сеп болды. Салтанатты шарадан тілшіміз хабарлайды.

Бұл зауыттың өңірде баламасы жоқ. Озық технологиямен жарақтанып, жаңа мамандар дайындалды. Қытай мен тәжік технологтары жергілікті жұмысшыларға жұмыс істеу әдісін үйретті. Жоба құны—280 млн тг-ге жуықтайды. Жылына 3 мың 600 тн өнім шығаруға қауқарлы.

"Үлкен зауыттар Қазақстандағы көбі қызылшамен жұмыс жасайды. Біз тростникпен жасаймыз. Себебі біздің аймағымызда қызылша өспейді. Ешқандай кем болмайды, дайын өніміміз тең болады. Шикізат карантин шектеулеріне байланысты шекараларжабық. Соған байланысты Ресейден аламыз деп шештік",-дейді қант зауытының директоры  Ерболат Сүлейменов..

Шикізат қамыс тектес қант өндіретін өсімдіктен жасалған. Өндіріс ошағы 30-дан астам адамға тұрақты жұмыс көзін тауып береді. Олар 24 сағат үзіліссіз, үш ауысыммен еңбек ететін болады.

Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Рашит Мұстапаев:

- 17 жұмыс орнымен бастапқыда жұмыс істейді, кейін 32 адам болады. Мұның барлығы да «Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен жасалып жатыр. 2018 жылы желтоқсан айында басталған, осы желтоқсанда ашылды. Халықтың игілігіне, жаңаөзендіктерге пайдасы болуына тілектеспіз.

Қант зауытының көмегімен облыстың ішкі нарығы толықтай жергілікті өніммен қамтылады. Сөйтіп импорт алмастыруға біршама үлес қосады. Кәсіпорынның алғашқы 1 тонна өнімі Жаңаөзендегі жағдайы нашар отбасыларға тегін таратылмақ.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер