«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Әйелдерге арналған «IS QOLDAU» ресурс орталығы ашылды

2020 жылғы 27 Қараша
- Шымкент қаласы
9920 просмотров

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесінің бизнес ханымдары Шымкент қаласында кәсіпті енді қолға алған кәсіпкер әйелдер мен әлеуметтік аз қамтылған қыз-келіншектерге арнап «IS QOLDAU» ресурс орталығын ашты.

Бұл жоба Іскер әйелдер кеңесінің төрағайымы Алма Архабаеваның бастамасымен қолға алынды, бизнес ханым ресурс орталығын ашуға компаниясының кеңсесін берді. 
 Алма Архабаева үлгі алуға болатын табысты кәсіпкер. Ол бақытты жар, көпбалалы ана, компания жетекшісі, ірі форумдар мен конференциялардың белді спикері. Оның пікірінше, тәлімгерлер мен ниеттес адамдардың қолдауымен бизнесті жүргізу әлде қайда жеңіл. Сондықтан Алма Архабаева кәсіпте қолдауға мұқтаж жандарға көмек көрсету мақсатында осы орталықтың негізін қалады.

«Әйелдің рөлі ана болып, бала тәрбилеу, отбасы – ошақ қасы деген түсінік терең сіңген оңтүстік менталитетімізді ескере отырып, біз осы ресурс орталығын ашуда ең алдымен өмірлік қиын жағдайға түскен қыз-келіншектерге көмек беруді мақсат еттік. Бұл әлеуметтік жағынан қорғалмаған әйелдер: үйде кәсіппен айналысқысы келетін көп балалы аналар және жалғызбасты аналар, мүгедек әйелдер және ерекше балалары бар аналар, жетім балалар және бизнеске қызығушылық білдіретін балалар үйінің түлектері. Тұтастай алғанда бизнес жүргізуде қиындыққа тап болған микр- және шағын бизнестің өкілдері орталықтың көмеіген жүгіне алады. Мында оларға консультациялық, заңгерлік және психологиялық көмек тегін көрсетіледі, сондай-ақ бизнеске авторлық бағдарлама бойынша үйрену, ары қарай жұмысқа тұруға мүмкіндік жасалады. Әрқайсысына жекелей назар аударуға тырысамыз», – деп атап өтті Алма Архабаева.

Спикер бұл жоба Іскер әйелдер кеңесіне мүше бірнеше бизнес ханым құрылтайшы болғанын атап өтті. 

«Олардың бірінде консалтингтік компания, екіншісінде заңгерлік көмек көрсету жөніндегі фирма бар, тағы бірінде – оқу орталығы бар. Олардың әрқайсысы ресурс орталығына келген әйелдерге қол ұшын соза алады. Жобаның мақсаты – бизнесті нәтижелі ету және бастауыш кәсіпкер әйелдерге қателіктерді болдыртпауға, үй мен кәсіпті үйлестіруге үйрету, түптің түбінде материалдық жағдайларын жақсарту. Бір сөзбен айтқанда біз балық емес, балықты аулайтын қармақ береміз», – деді Алма Архабаева.

Ресурс орталықының жоспарында – коворкинг орталығын ашу және салалар бойынша кооперативтерін құру. 
Іс-шараға «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов пен Шымкент кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабыштаев қатысты, олар ресурстық орталықтың жұмысына көмектесуге дайын екендіктерін білдірді.
Ресурстық орталық орналасқан мекен-жайы: Шымкент қ. Орынбаев көшесі, 23


Еншілес ұйымдар

Серіктестер