«Күн көрісіміз қиындап кетті»: қостанайлық кәсіпкерлер спорттық нысандардың жұмысын қалпына келтіруді сұрайды
Фитнес-залдары, гимнастикалық залдар мен секцияларды жабу арқылы індетпен күресу қисынға жатпайды деп санайды қостанайлық кәсіпкерлер
Өйткені спортпен айналысу арқылы иммунитетті күшейтуге болады, күйзеліс сейіліп, жігерлік артады. Кәсіпкерлер осы және басқа да дәйектерді өңірдің бас санитарлық дәрігері Владимир Нечитайломен өткен кездесу барысында айтты. Кедесу 26 қараша күні Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының алаңында өтті.
«Мұндай кездесулер апта сайынғы негізде өткіземіз. Кездесулер кәсіпкерлердің ұсыныстары мен проблемалық мәселелерін жинау, санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды нақтылау сынды бірден бірнеше мақсатты көздейді. Баршаңызға белгілі, Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің 425-бабына сәйкес санитарлық бұзушылықтың ауырлық дәрежесіне қарамастан шағын бизнеске 638 000 теңге, орта бизнеске – 861 000 теңге, ірі бизнеске – 4 млн-нан астам теңге айыппұл салынады. Бүгінде біз осы айыппұлдарды егер бұзушылық болмашы болса, төмендетуді сұраймыз», – деді Қостанай облысы ӨКП директоры Мұрат Әбенов.
Өңірдің бас санитарлық дәрігері Владимир Нечитайлоның айтуынша, спортзалдар санитарлық нормаларды өрескел бұзушылар қатарына кірмейді. Алайда қолданыстағ ықаулы жабық спорт нысандары, клубтар, секциялар мен фитнес-орталықтардың жұмыс істеуіне тыйым салады. Мұндай шешім өңірдік қызыл аймаққа енуіне байланысты қолға алынған.
«Бізге мұндай щаралар түсініксіздеу. Өйткені спортпен шұғылданатын адамдар азырақ науқастанады, иммунитеттері мықты болады. Оның үстіне адам өзін жайсыз сезінсе спортзалға бармайтыны анық. Іс жүзінде егер әлеуметтік қашықтық сақталмаса, ауруды үйдің подъезінде немесе қоғамдық көлік ішінде де жұқтырып алуға болады. Көп адамға фитнес-орталыққа бару – күйзеліс пен агрессиядан арылудың жалғыз жолы. Спорт нысандарының жабылуы қылмыстық жағдайды өршітіп жіберуі ықтимал», – деді «Fitwake up» ЖШС директоры Ренат Ким.
Көп адамдар медициналық тұрғыда, мәселен сколиозды емдеу үшін спортпен айланысады деп атап өтті зумба бойынша бапкер Юлия Казанцева.
«Көп адамға спорт – табыс көзі екенін ұмытпаған жөн. Біз күн көріске қиналып қалдық. Отбасыларымыз бар, бала-шағамызды асырау керек. Көбімізде несиелер жабылмай жатыр, басқа да міндеттеріміз бар», – деді Юлия Казанцева.
Владимир Нечитайло дене шынықтыру қажет екенімен келісті, алайда өңір қазіргі кезде «қызыл аймақта» тұр.
«Соңғы кезде індеттің өршуі сәл азайды. Егер осындай үдеріс жүре берсе, «сары аймаққа» өтуіміз ықтимал. Сол кезде карантиндік жеңілдіктерді қарастырамыз», – деді ол.
Кәсіпкерлер спорт нысандары жұмысын кестесін қайта қарап, оларға демалыс күндері жұмыс істеуге рұқсат беруді сұрады.
«Мұндай шектеудің кері әсері бар, адамдар белгілі бір сағаттар мен апта күндері топталып жүргенін байқаудамыз. Егер жұмыс уақытын ұзартып, демалыс күндері жұмыс істелсе, келушілер санын біркелкі бөлуге қолжеткізуге болады», – деді Ренат Ким.
Кездесуде айтылған барлық ұсыныстар коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау жөніндегі штабқа жіберіледі.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: