Мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне арналған алғашқы бизнес-инкубатор іске қосылды
«Халық» қайырымдылық қоры мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне арналған Қазақстандағы алғашқы «Ozgeris powered by Halyk Fund» онлайн бизнес-инкубаторын іске қосты
Жоба Atameken Academy платформасында жүзеге асырылады және қатысушыларды кәсіпкерлік дағдыларына үйретеді. Сонымен қатар, балаларға алғашқы бизнес-идеяны жасауға және сынауға көмектесіп, үздік жобаларды қаржыландырады
«Ozgeris powered by Halyk Fund» бизнес-инкубаторының идеясы «Атамекен» ҰКП-ның ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп бастамашылық еткен 10-11 сынып оқушыларына арналған «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» авторлық курсының жалғасы ретінде 2018 жылы әзірленген жоба.
Мемлекеттің қолдауымен кәсіпкерлік және бизнес негіздері курсы мектеп бағдарламасына элективті түрде енгізіліп, екі жыл ішінде 127 мыңнан астам оқушыдан тұратын аудитория жинады. Оқушылар курстан өткеннен кейін өздерінің алғашқы бизнес-идеяларын тіркеуге мүмкіндік алды. Бизнес-инкубатор ауқымды мақсатты іске асыруға, жастар арасында кәсіпкерлік мәдениетін дамытуға және өз идеяларын жүзеге асыра алатын, қоғамға қажетті өнімдерді жасай алатын, өзінің бизнес-шешімдерін монетизациялай алатын ұрпақты өсіруге бағытталған. «Ozgeris powered by Halyk Fund» – оқушылар курста алған білімдері мен дағдыларын іс жүзінде жүзеге асыру үшін құрылған жоба.
Жобаның бастамашысы – «Халық» қайырымдылық қоры ел үшін басым бағыттарды, атап айтқанда, жастар арасында кәсіпкерлік әлеуетті дамытуды қолдайды. Қор бизнес-ойлау дағдыларының, креативтіліктің, командада жұмыс істей білудің, тайм-менеджменттің және сендіру қабілетінің заманауи маңыздылығын түсінеді, сондықтан жобаның ұйымдастырушысы ретінде жас кәсіпкерлердің алғашқы бизнес-қадамдарын ерекше ықыласпен қолдайды.
Atameken Academy платформасы жобаны техникалық іске асыру алаңы ретінде әрекет етеді. Бұл үшін барлық қажетті инфрақұрылым мен функцияларға ие: кәсіпкерлерге арналған Ашық білім беру платформасы, 100 мыңнан астам қаралымы бар 20 онлайн-курс.
«Ozgeris powered by Halyk Fund» бизнес-инкубаторының қатысушылары «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» курсын өткен, бүкіл Қазақстан бойынша 15-18 жас аралығындағы жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттері болады. Жобаға қатысудағы артықшылық – идеяның болуы, өз бизнес-жобасының бастапқы атқарымдары. Сондай-ақ бизнес-жоспарды жасау және идеяны тестілеу үшін консультациялар мен сараптамалық сүйемелдеудің қажет етуі.
«Ozgeris powered by Halyk Fund» бизнес-инкубатор бағдарламасы бірнеше кезеңнен тұрады және 4 аптаға созылады. Қатысушылар қажетті бизнес-шешімдерді құруды, қаржылық жоспарды белгілеуді, өз идеяларын жылдам тестілеуді, өздерін және өз өнімдерін таныстыруды және ілгерілетуді, сондай-ақ командадағы рөлдерді бөлуді үйренеді. Бағдарламаның жеке блогы маркетингке арналады - қатысушылар әлеуметтік желілерде бизнес-парақтар жасайды, жарнамаларды іске қосу және әртүрлі «сату» мазмұнын құруды үйренеді.
Бағдарлама аяқталғаннан кейін қатысушылар мастер-жоспар жазады, оны Atameken Academy қоғамдастығы (менторлар мен кәсіпкерлер) алдында қорғап, содан кейін жобаның келесі кезеңіне өтетін және жеке шағын бизнесті бастау үшін қаржылық көмек алатын инкубатордың үздік жобалары іріктеледі. Финалға өткен барлық жобалар тағы үш ай бойы бағдарлама сарапшылары мен менторларының консультациялары мен қолдауымен сүйемелденетін болады.
Ozgeris бизнес-инкубаторы 23 қарашада Atameken Academy платформасында өз жұмысын бастайды. Бағдарламаның бірінші легіне Қазақстанның барлық өңірлерінен 200-ден астам өтінім қабылданды.
Айта кету керек, Ozgeris жобасы бірнеше ағынмен жүзеге асырылады және келесі жиын 2021 жылдың ақпан айында өтеді, онда 1000 адамды жинау жоспарланған. Инкубаторға өтінімдерді қабылдау жүйелі түрде жүргізіледі және осы жылы бағдарламаға тіркелуге үлгермеген әлеуетті үміткерлер екінші лекке өтінім бере алады.
Ozgeris бизнес-инкубаторы туралы толық ақпарат: https://atameken.co/ru/ozgeris.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: