«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қытайға өнім экспорттайтын шымкенттік кәсіпкерлер үлкен шығынға батты

2020 жылғы 24 Қараша
- Шымкент қаласы
8523 просмотров

Қытайға бағыт алған жүздеген жүк көлігі «Нұр Жолы» өткізу пунктінде (Қытаймен шекарада) тұрып қалған.

Соның ішінде «Шымкент-Кашемир» атты жергілікті компанияға тиесілі 26 жүк көлігі 520 тонна өңделген жүн және жоңышқамен тиелген. Бұл көліктің бәрі кедендік кептелісте тығылып, қыркүйек айынан бастап бір орыннан қозғала алмай тұр! Өткізу пунктінде шиеліністі жағдай болып, үнемі даулар мен қызыл шеке төбелес орын алуда. 

Жүк көліктерінің шекарада тұрып қалуының себебі ҚХР тарапынан санитарлық бақылаудың артуы, көрші ел шекараны өту ережесі мен жүкті өңдеу бойынша талаптарды күшейтті. Жағдайдың алғашқы өршуі өткен жазда қытай тарапынан автомобиль өткізу көлемін тәулігіне 50 машинаға дейін қысқарту кезінде болды.

Сол уақытта «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы үкіметке Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пункттері арқылы өткізуге шектеулерді алып тастап, сол арқылы жүктерді тасымалдау үшін бірдей жағдайларды қамтамасыз етуді сұрады. Мәселе сол кезде-ақ шешілген болатын, алайда жағдай «Нұр жолы» өткізу пунктінде қайталанып отыр. Кәчіпкерлердің айтуынша, кезекте 600-ден астам көлік тұр. Қатыай жағына күніне 60 машина ғана өте алады, соның ішінде 40-ы міндетті түрде бос болуы керек. Осы 40 машина Қытайға қытай тауарларын экспорттау үішн кіреді. 

Көлік жүргізушілерінің айтуынша кезекті жеңілдетуге арналған эклоктронды кезек бұл жерде жұмыс істемейді. Сонау қыркүйек айында брондалған электронды кезек бір көлікке де ілгерілеген жоқ. Осы ретте қытай жағынан жүк көліктері еш кедергісіз Қазақстан аумағына кіріп жатыр. 

«Палатаға шекарада 26 машинасы тұрып қалған «Шымкент-Кашемир» компаниясы көмекке жүгінді. Қытай тарапымен жасалған контракттің сомасы 230 млн теңге. Компания құрылтайшысы Шағанбек Қанжарбайұлы жүктің тұрып қалуы салдарынан шығын көбейіп, келісмшарт бойынша міндеттемелердің бұзылып жатқанын айтты. Бұдан бөлек, кәсіпкер жүргізушілердің кеденде жол ақысын төлеуге мәжбүр. Өңірлік палата «Атамекен» ҰКП орталық аппаратына үкіметке шығып, шекарадағы шектеулі алып тастау  бойынша өтініш жасады. Мұндай шара Қазақстан-Қытай шекарасындағы ахуалды, «Нұр-жолы» бекетіндегі жүктемені жеңілдетер еді. ҰКП проблеманы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А.Смайыловпен өткен жиын барысында атады. А.Смайылов отандық тауарлар экспортына басымдық берілуі қажеттігін атап өтті. Аталған мәселе Үкіметтің бақылауында болуына қарамастан шымкенттік жүк көліктер әлі де қозғалған жоқ. Себебі – Қытай тарапы байланысқа шығуға асығар емес», – деді Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Әділжан Датқаев.
 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер