Қырғызстан Үкіметі бидай ұнын әкелуде қорғаныс шараларын енгізді
Қырғызстан Үкіметі «Қырғыз Республикасының кеден аумағына бидай ұнын әкелудегі қорғаныс шараларын енгізу туралы» қаулы қабылдады.
Сонымен, ҚР «Қорғаныс шаралары туралы» заңына сәйкес, отандық ұн тарту саласының мүддесін қорғау мақсатында, ҚР «Қырғыз Республикасының үкіметі туралы» конституциялық заңының 10 және 17 баптарын басшылыққа ала отырып, үкімет қаулы етті: «2017 жылғы 22 шілдеге дейінгі мерзімде Қырғыз Республикасының аумағына бидай ұнын әкелуге қосымшаға сәйкес мөлшерде арнайы баж енгізу».
Мемлекеттік кеден қызметіне 2013 жылғы 27 маусымдағы № 381 «Бидай ұнын импорттауға уақытша қорғаныс шараларын қарастыру және енгізуді бастау туралы» Қырғыз Республикасы Үкіметінің қаулысына қосымшаға сәйкес тауарларды импорттау кезінде уақытша қорғаныс баждарын төлетуден түскен қаржыны депозиттен республикалық бюджетке аудару тапсырылады.
ҚР Экономика министрлігі Қырғыз Республикасының сыртқы істер министрлігімен бірге қосымшаға сәйкес тауарларға қатысты арнайы баждар енгізілгені туралы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың интеграциялық комитетіне және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының атқарушы комитетіне, сондай-ақ ДСҰ қорғаныс шаралары бойынша комитетіне орнатылған тәртіпте хабарласын.
Бұл қаулы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Қырғыз Республикасының кеден аумағына әкелінетін,
арнайы баждар енгізілуге қатысы бар тауарлар
ТІЗБЕСІ
Азық-түлік атауы |
ЕурАЗЭҚ СЭҚ ТН бойынша коды |
Арнайы баж мөлшерлемесі (кеден құнынан % не соммен) |
Бидай ұны: |
|
|
- қатты бидайдан тартылған |
1101 00 110 0 |
1 кг үшін 3 сом |
- жұмсақ бидайдан және спельтадан тартылған |
1101 00 150 0 |
1 кг үшін 3 сом |
Пікір қалдыру:
Пікірлер: