Ұлттық палата «Қазақстан Республикасында қоғамдық бақылау туралы» заң жобасын қоғамдық талқылау басталғанын хабарлайды
ҚР Әділет министрлігінде «Қазақстан Республикасында қоғамдық бақылау туралы» ҚР Заң жобасына тұжырымдаманы талқылау басталды
Қарастырылып отырған Тұжырымдама Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев өзінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан Халқына жолдауында белгілеген қоғамдық бақылауды күшейту саласындағы міндеттерді жүзеге асыру үшін құқықтық жағдайлар жасау мақсатында әзірленді.
Көтеріліп жатқан тақырып бойынша ұсыныстары және (немесе) түйткілді мәселелері бар барлық кәсіпкерлерді Ұлттық палата ашық талқылауға қатысуға шақырады. Ұсыныстар мен ескертпелерді a.akkaliyeva@atameken.kz электронды поштаға жолдауды сұраймыз.
Заң жобасы және Тұжырымдама онлайн-талқылау мақсатында Ашық НҚА порталында жарияланған.
Порталдағы талқылау 24 қарашада өтеді.
Қоғамдық талқылаудың мақсаты әзірлеушілерлің заң жобасына пікірлер мен толықтырулар дайындау.
Ашық талқылау zoom форматында өтеді. Іс-шараның онлайн көрсетілімін орыс тілінде Құқықтық саясатты зерттеу орталығының (LPRC), Facebook және YouTube парақшаларынан көруге болады.
Іс-шараны Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен Құқықтық саясатты зерттеу орталығы (LPRC) ұйымдастырды.
Қатысушыларды тіркеу сілтемеде.
Ашық талқылауға сілтеме қатысушы тіркелген соң жіберіледі.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: