«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен»: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын цифрландыру халықтың қала өміріне қатысу құралына айналуы мүмкін

2020 жылғы 19 Қараша
39286 просмотров

Ұлттық палата алаңында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы цифрландыру мәселесі талқыланды

Биыл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында түбегейлі өзгерістер орын алды: пәтер иелерінің кооперативінен кетіп, тұрғын үйді басқарудың жаңа формаларына (Мүлік иелерінің бірлестігі, ПТ) ауысу, осы процесті автоматтандыру және бүкіл саланы цифрландыру арқылы қатынастар принципі өзгермек.

Осы ретте бүгінде 78 мың көппәтерлі үй ауқымында Мүлік иелерінің бірлестігі болып небәрі 473 үй тіркелген. Мұндай баяц үдеріс нарық субъектілерінің алңдаушылығын тудыруда, аталған реформа 2021 жылыдң басына дейін іске асырылуы тиіс. Сондай-ақ, реформаның бастапқы кезеңінде «Е-шаңырақ» цифрлық тұрғын үй-шаруашылық жүйесін енгізу туарлы хабарланған болатын. Алайда әлі күнге дейін жүйе қолданысқа берілмеді.

 Қазіргі кезде өңірлерде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты цифрландырумен айланысып жатқан 15 жеке әзірлеуші бар. Жобаларды іске асыруда бірқатар мәселелер бар, оларды шешу үшін мемлекеттік органдардың араласуы керек. Өкілетті органның ақпараты бойынша аталған жүйе ақпаратты жинау және талдау үшін жүргізіледі, ал қазіргі қажеттілік міндеттердің кең спектрін шешуді талап етеді, олардың кейбіреулері нарықта бар IT-шешімдерде қазірдің өзінде іске асырылуда.

 Бизнес көтеріп отырған басты мәселе мемлекеттік ақпараттық жүйелермен байаныстың болмауы. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында жаңа форматқа өтудің мерзімін бұзу тәуекелі орын алғандықтан «Атамекен» өз алаңыда нарық қатысушыларын жинап, кездесу өткізді.

 «Мүлік иелерінің бірлестігін құрудағы баяу процесс – халық тарапынан қызығушылықтың болмауын білдіреді. Қала құрылысы мәселелерін талқылау кезінде халықтың пікірі ескерілмейді, егер осы бағытта өзгерістер орын алса, онда Мүлік иелерінің бірлестігін құру жағдайында белсенділік арта түседі.  Тұрғын үй-шаруашылық секторын басқару және мониторинг жүргізуде кешенді көзқарас жоқ. «Е-шаңырақ» жүйесі әзірленбей тұрғанда оның функционалын кеңейтіп, ауқымды қолдану мәселесін қарау орынды болар», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары  Юлия Якупбаева.

Сәтті мысал ретінде Юлия Якупбаева Ресей Федерациясының «Умный город» жобасын іске асыру бойынша тәжірибесін айтты. Бұл жоба келесі бөлімдерден тұрады:

 ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің вице-министрі Абылайхан Оспанов қолданыстағы процестерді цифрлық өнімдерді жетілдіру қажеттілігі туралы ҰКП бастамасын қолдады, алайда цифрландыруды қаржыландырудың аздығы процесті тежейтінін айтты.

 Бүгінде «Зерде» ҰИХ» АҚ «Ақылды қала» (Smart-city) үшін эталонды стандартын әзірледі, оған сәйкес цифрлық өнімді көлік, қоқыс шығару, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық сынды әр түрлі салаларға енгізу туралы бойынша әкімдіктердің рейтингі жүргізіліп жатыр.

 «Үдерісті сонымен қатар мемлекеттік органдар тарапынан жүргізіліп қойған жұмыс туралы аз ақпараттандыруы болып отыр. Smart-city бағыттарын күшейту мақсатында Цифрлық даму министрінің бірінші орынбасарының жетекшілігімен осы бағыттардың барлығын үйлестіретін әкімдіктермен  өзара іс-қимыл бөлімі құрылып жатыр», – деді Абылай Оспанов.

 Өз кезегінде Юлия Якупбаева тиімділік  тұрғысында республикадағы жобаларды одан әрі кеңейту мүмкіндігімен әкімдіктердің тәжірибесін ұсыну бойынша жұмысты ұйымдастыруды ұсынды.

 Жиын барысында тұрғын үйді басқару және энергиялық тиімділік саласында нарықта іске асып жатқан жобалар таныстырылды. «BFGroup Inc» ЖШС директоры Сергей Голышев «Ақылды үй – көпфункциялы мобильді жүйе» жобасы туралы ақпарат берді, жоба онлайн-режимде коммуналдық құрылымдардың жұмысын бақылауға мүмкіндік береді. Жүйе Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларында тіимді іске асуда.

 «Гринтэк» ЖШС техникалық директоры Мәдіи Ағыбаев су ағынын тез анықтауға мүмкіндік беретін суды, электр қуатын және жылуды тұтынуды есепке алуды қамтамасыз ететін «Білім беру ұйымдарындағы энергия ресурстарының ақылды есебі» энергия тиімділігі саласындағы жобаны таныстырды. Жоба ол үйлердің құрылымына олардың сипаттамаларына қол жеткізуге мүмкіндік береді, басқарушы ұйымдардың тізімін көрсетеді, инженерлік жүйелердің жай-күйін, жөндеу жұмыстарының жиілігін, үйлерді ұстауға арналған шығындарды, есептер мен жиналыстарды көрсетеді, шығындар мен кірістерге талдау, аналитика, тіркеу куәлігін және т.б. көрсетеді. Жоба Ақтау қаласында сәтті іске асты, ары қарай Ақтөбе мен Көкшетауда енгізілмек.

  Таныстырылған жүйелердің мақсаты – тұрғын үйді басқару процесін цифрландыру көмегімен жеңілдету.

 Жиын барысында көтерілген мәселелер:

- пәтер иесін анықтау мақсатында «жылжымайтын мүлік регистрінде» авторизация жасау үшін мемлекеттік деректер базалармен байланыстың болмауы;

 - Заңнамада Пәтер иелерінің кооперативтерін, Мүлік иелерінің бірлестіктерін және сервистік компанияларды электронды бухгалтерияны жүргізуге міндеттейтін нормативті құжаттың болмауы;

-Тұрғын инспекциясында тұрғын үй қорының ағымдағы жай-күйі туралы мәліметтердің болмауы;

-өңірлерде ақылды есептеу құралдарын қолданбау және МЖӘ-нің өмірлік циклі келісімшарттарының ережелері мен механизмдерінің болмауы;

- объектілерден «Е-шаңырақ» ақпараттық жүйесіне деректерді берудің бірыңғай форматының болмауы;

- осы саланы қаржыландырудың жеткіліксіз болуы және үнемі қысқаруы.

 Жиынды қорытындылай келе Юлия Якупбаева бұл жоба мемлекеттік реформасыз іске аспайтынын айтты. Ол үшін цифрландыру құралдары арқылы тұрғын үй секторын реформалау үдерісін сүйемелдейтін бірыңғай платформа – жобалық кеңсе құру ұсынылды.

 «Осындай шара аталған реформаға қатысушылар үшін жасалған жасанды кедергілерді анықтап, жоюға, ағымдағы мәселелерді шешуге көмектеседі. Сондай-ақ, ол осы құралдарды енгізу мен қолданудың сәтті тәжірибесін бақылау, сәтті жобаларды ынталандыру және тарату мәселелерін шешеді», – деді  Юлия Якупбаева.

Кездесуге қатысушылар бұл ұсынысты қолдап, жоба кеңсесінің жұмысына қатысуға дайындықтарын білдірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер