«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тез бұзылатын өнімді экспорттаушыларға сериялық өнімнің шығу тегі туралы сертификат беріле бастайды

2020 жылғы 18 Қараша
3638 просмотров

Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі №2 шешіміне сәйкес Қазақстан Рсепубликасынан ЕАЭО елдеріне тез бұзылатын тауарларды экспорттау кезінде СТ-1 сертификаты орнына Тауардың шығу тегі туралы сертификатты пайдалану рұқсат етіледі.

 2020 жыл 22 қарашада ҚР Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 4 қарашадағы № 247-НҚ бұйрығы күшіне енді, оған сәйкес сериялы өнімнің шығу тегі туралы сертификатының берілуі мүмкін.

 Сериялық сертификат сериялы өнім шығаратын өнім шығарушыға 6 ай мерзімге беріледі.

 Сертификаттың артықшылығы сертификаттың әрекет ету кезеңінде тасымалданатын сериялық өнімдері партияларының шексіз  санына қолданылады.

 Сериялық өнімнің шығу тегі туралы сертификатты алуда басты шарт –сертфиикаттың жарамдылық мерзімі ішінде өндірістік процестің өзгермеуі.

 Анықтама ақпарат алу үшін: +7 (7172) 919-359 немесе Өңірлік кәсіпкерлер палаталарына жүгіну керек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер