«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Нұр Отан» партиясының парламенттегі фракциясы бірлескен жұмыс жоспарын бекітті

2014 жылғы 22 Сәуір
8965 просмотров

Бүгін «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы фракциясы мен Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылға бірлескен жұмыс жоспарына» қол қою ресімі өтті.

Құжатқа Фракцияның басшысы депутат Дариға Назарбаева мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов қол қойды.

Жоспарда депутаттардың парламенттік мүмкіндіктері мен Палата бастамасының көмегімен шағын және орта бизнестің проблемаларын, соның ішінде заң шығару деңгейінде де шешуге болатыны белгіленген. Онда Фракция мен Палата атынан жауапты тұлғалар көрсетілген 13 шара мен олардың нақты жүзеге асыру мерзімі көрсетілген.

Жоспарда Фракцияның, «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратының, Фракция жанындағы сабағаттық-кеңесші органдардың, депутаттық сұраулардың, «Үкімет сағаттарының», Парламенттік тыңдаулардың алаңын пайдалану, Мәжіліс «қоржынындағы» заң жобаларына қажет түзетулер жасау бастамасын көтеру қарастырылған.

Бұл Жоспарды жүзеге асыру бойынша бірлескен жұмыстың нәтижесі сәйкес заң жобалары, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаларға түзетулер, Үкіметке және орталық атқарушы биліктің басқа да органдарына жолданатын нұсқаулықтар болмақшы.

2014 жылғы ақпан айының соңында ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойғанын еске сала кетейік. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы фракциясы мен Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасыныңбірлескен жұмыс жоспары партия Көшбасының бастамаларына логикалық тұрғыдағы жауап және қолдау болып табылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер