«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» бағалы қағаздар нарығының дамуына ықпал етеді

2020 жылғы 14 Қараша
6299 просмотров

Бұл туралы келісімге «Атамекен» ҰКП және Қазақстан қор биржасы (KASE) арасында 2016 жылы қол қойылды. Ынтымақтастық аясында кәсіпкерлердің қатысуымен қор нарығы негіздері бойынша дөңгелек үстел өтті

 Меморандумның мақсаты – бағалы қағаздар нарығын дамытуға атсалысу, қолайлы жағдайлар жасау және отандық ұйымдардың Қазақстанның қор нарығына шығуын ынталандыру, сондай-ақ қор нарығының инвесторлық базасын арттыру.

 Ұйымдар Қазақстанның қор нарығына жыл сайын ең кемі бес отандық компанияны шығарып отыруға ниетті. Бүгінде KASE биржасында 56 акционер бар, соның ішінде қаржы ұйымдарының үлесі 44,4 пайызды құрайды. Екіжақты ынтымақтастықтың нәтижелері бар. KASE ТМД биржалары арасында сауда-саттық көлемі бойынша екінші орын алған, 2018 жылы FEAS биржалары арасында акция нарығын капитализациялау бойынша үздік 5 ел қатарына енген.

 Сонымен қатар биржада жеке тұлғалардың шоттары өсіп келеді. 2020 жылдың 1 қазандағы жағдай бойынша Орталық депозитарийде жеке тұлғалар атына ашылған 125 771 жеке шот бар, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8 076 шотқа артық көрсеткіш. Салыстыру үшін 2019 жылдың І жартысында шоттар базасы 2 570 бірлікті құраған, 2018 жылдың І жартысында – 471.  

Акциялар нарығындағы бөлшек инвесторлар – Қазақстанның жұмыспен қамтылған халқының ≈1,4%-ын құрайды. Жеке тұлғалар арасында қор нарығында  экономиканың ішкі көшбасшыларының акциялары және инвестициялық қорлардың акцияларына сұраныс үлкен.

 Дөңгелек үстел жұмысында бизнес-қоғамдастық тарапынан қор биржасына қаржыландыру тарту, бағалы қағаздарды орналастырудың қажетті процедуралары, акциялар мен облигациялар дегеніміз не туралы ақпарат берілді.

 Өз кезегінде «Атамекен» ҚР ҰКП Атқарушы директоры Арман Жалмағамбетов Ұлттық палата бағалы қағаздар нарығы саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша нормативтік-құқықтық актілерге тұрақты мониторинг жүргізуге көмектесіп, сонымен қатар қор нарығының құралдарын тиімді пайдалану үшін қосымша әкімшілік кедергілерді жоюға атсалысатынын айтты.

 «Даму» КДҚ» АҚ Субсидиялау департаментінің директоры Сәуле Әбішева «Бизнестің жол карасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында  купондық сыйақын төлеу бойынша эмитенттерге арналған мемлекеттік қолдау туралы ақпарат берді.

 «Даму» қоры эмитенттерге облигациялар бойынша сыйақы түрінде төленетін шығындарды өтеу үшін купондық сыйақы ставкасының бір бөлігін субсидиялайды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер