«Атамекен» агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтайды
«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібінің қызметкерлеріне тығыз ынтымақастық пен қызметте адалдық танытқандары үшін алғыс білдіріп кәсіби мерекемен құттықтады
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы атынан Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Тығыз ынтымақтастық пен қызметте адалдық танытқандарыңыз үшін алғыс білдіремін.
Ауыл шаруашылығы – Қазақстан экономикасында өндірістік және еңбек ресурстары бойынша көш бастап тұрған бірден бір сала. Еліміз ауыл шаруашылығы дамуында зор әлеуеті бар озық 5 ел қатарына кіреді. Агроөнеркәсіп кешен жоғары нәтиже көрсетіп, экспорт көлемін арттырып, әлем нарықтарына шығуда. Жыл сайын ауыл шаруашылығы мен өңдеу саласының жалпы ішкі өнімі өсіп келеді.
Алға ұмтылудың мәні зор, бұл туралы Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығының маңызын атап өтіп, бірнеше рет айтқан болатын. Осы бағытта мемлекеттік қолдау шаралары артып, қаржыландырудың жаңа бағдарламалары құрылуда, қосымша салық жеңілдіктері жасалып, басқа да қолдау көрсетіледі.
Сала қызметкерлерінің зор еңбегі арқылы біз өнім сапасын сақтап, шетелдегі бәсекелестікті арттырамыз деген сенімдемін.
Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібінің қызметкерлеріне зор денсаулық, береке-молшылық, сарқылмас күш-жігер мен қызметте табыс тілеймін!»
*Еске салсақ, Қазақстанда Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібінің қызметкерлері күні қараша айының үшінші жексенбісінде аталып өтеді. Биыл кәсіби мереке 15 қарашаға түсіп тұр.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: