Кәсіпкерлер 3%-дық бөлшек салығы енгізілген жағдайда қанша қаражат үнемдей алады?
3%-дық бөлшек салығы енгізілген жағдайда шағын және орта бизнес субъектілері шамамен 40 млрд теңге үнемдейді. Мұндай мәліметті «Атамекен» ҚР ҰКП Атқарушы хатшысы Асқар Қысықов айтты.
Еске салсақ, бүгін сенаторлар кәсіпкерлерге 3%-дық бөлшек салығын енгізу бойынша түзетулерді қабылдады.
«Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында зардап шеккен салалардағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау шаралардың бірі ретінде айналым табысынан бөлшек салығын енгізуді ұсынды. Бүгін Сенат депутаттары шағын және орта бизнеске арналған «бөлшек салық» деп аталатын арнайы салық режимін енгізу туралы бастама көтерді. Салық айналымнан 3%-ды құрайтын болады. ҚҚС бойынша шек жоғарылаған жағдайда бөлшек салығы салынбайды. Бұл ҚҚС-тың есептік бөлігі жоқ, негізгі шығындары еңбекақы қорына төлемдер мен ҚҚС-пен қамтылмаған және есепке алынбайтын басқа шығыстары бар салалар үшін тиімді болады», – деді Асқар Қысықов.
Ұлттық экономика министрлігінң бағалауы бойынша арнайы режим шағын және орта бизнестің 4 мың субъектісін қамтиды. Олар шамамен 40 млрд теңге үнемдей алады.
«Сәйкесінше жаңа ерікті режим зардап шеккен салалар тізіміне енген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне арналған (оларға қарамағындағы жұмыскерлер саны – 250 адамға дейін, айналымы – 30 млнАЕК-ке дейінгі субъектілер жатады). Аталған тізімді Үкімет бекітеді. Ынта танытқан барлық субъектілер салық төлеудің басқа режимдерінен осы режимге өте алады», – деп қорытындылады атқарушы хатшы.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: