«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен»: жаңа талап шекарада кідіріс тудырмайды

2020 жылғы 10 Қараша
4852 просмотров

10 қарашадан бастап Қазақстан аумағында екі жақты қатынаста  халықаралық жүк тасымалдарын іске асыратын жүргізушілер шекараны өткен уақытта арнайы сауалнаманы толтырып, теріс нәтиже көрсетілген ПТР-тесті өткені туралы анықтаманы беруге міндеттеледі

 Бас санитарлық дәрігердің қол қойылған қаулысында қазақстандық жүргізушілер ПТР талдауын өткізу пунктерінде өткізе алу мүмкіндігі қарастырылған. Бұл ретте нәтижелерді карантинде екі күн күту талап етілмейді. Алгоритм бойынша ПТР әдісімен зертханалық тексеру үшін материал алынғаннан кейін жүргізуші межелі жерге дейін маршрут бойынша жол жүруді жалғастырады. Егер оң нәтиже шықса, анализ туралы ақпарат жүргізуші ұстаған бағыты бойынша орналасқан санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің аумақтық-бөлімшесіне жіберіледі.  

 «Ведомствоаралық комиссияда біз шекарада ПТР-тестілерін алып тастау жүргізушілер үшін кедергілер тудыратынына қатысты көлік саласы өкілдерінің алаңдаушылығын жеткіздік. ҚР аумағына кірерде талдауды өткізе алмау жағдайлары орын алады. Көп жағдайда зертханаға алдын ала жазылу талап етіледі. Зертханалар қалада орналасқан, жүргізушіге тест тапсыру үшін жүкті тастауға тура келеді. Осы ретте көп жүргізуші тез бұзылатын тауарларды тасымалдайды, шекарадағы ұзын-сонар кезек, тауардың бұзылуы, жеткізу мерзімін бұзудың себебіне айналды. Біздің өтініш ескерілді», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары.

 Ұлттық палата мамандары аумаққа кіретін автокөлік ағынын:  ПТР тесті бар жүргізушілер және шекарада ПТР-тесті енді тапсыруды жоспарлаған жүргізушілер деп бөлуді ұсынды. Мұндай бөлу шекарадағы кептелісті азайтады.

 «Біз жүргізушілердің QR-кодтар (межелі маршрут бойындағы аялдамаларда сәйкестендіру) жүйесін енгізу бойынша пилоттық жобаға қатысуын және алгоритмде ПТР-зерттеулерді ғана емес, сондай-ақ антиденелерге зерттеулерді де қолдануды ұсындық», – деді Юлия Якупбаева.

Бұл ұсыныстар Ведомствоаралық комиссия жұмысына алынды. ҰКП мамандарының пікірінше, жоғарыда аталған ұсыныстар бюджетке түсетін шығындарды, медициналық персоналға ауыртпалықты азайтып, қысқа қашықтағы халықаралық жүк тасымалдарының тоқтаусыз ағынын қамтамасыз етеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер