«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жеке онкологиялық орталықтар да тегін емдейтін болады

2020 жылғы 11 Қараша
4281 просмотров

Жекеменшік онкологиялық орталықтар Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде онкологиялық көмек көрсетуге құқылы болады

лттық палата алаңында бәсекелестік ортаны кеңейту және онкологиялық көмекті қаржыландыру жүйесін жетілдіру мәселелері қарастырылды

 «Жекеше онкологиялық орталықтарға Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде көмек көрсетуге рұқсат беру қажеттілігі туды. Мәселен, онкологиялық көмек көрсететін мемлекеттік ұйымдардың қызметін реттейтін бұйрық бар да жеке мекемелерге арналған ұқсас бұйрық жоқ», – деп атап өтті «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева.

Онкологиялық қызметтегі мәселелер туралы «Сұңқар» онкологиялық оралықтың директоры Бақтияр Керімқұлов айтты.

«Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында тізбекті тездеткіштердің үлкен тапшылығы бар. Мемлекеттік мекемелерде материалдық-техникалық жабдық ескіріп барады. Ал жеке онкологиялық ұйымдар пациенттерге сапалы әрі уақтылы көмек көрсетуге дайын, бірақ Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде жұмыс істей алмайды», – деп атап өтті Бақтияр Керімқұлов.

  ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Гүлнар Жанғарашева проблеманың барымен келісті, және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жеке сектордың Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде онкологиялық көмек көрсетуін регламенттеуге дайын екенін мәлімдеді.

 «Біз осы мәселені онкология инситутымен талқыладық, жалпы қолданыстағы талаптар ескірген, оларды қайта қарау керек. Бүгінде Денсаулық сақтау министрлігі жанында жұмыс тобы құрылған, топ мемлекеттік және жеке онкологиялық ұйымдарға қойылатын жаңартылған талаптарды әзірлейтін болады», – деді Гүлнар Жанғарашева

 Юлия Якупбаева жеке онкологиялық орталықтарды бұйрықтарды әзірлеу жөніндегі жұмыс тобына қосу қажеттілігін атап өтті.

 Сонымен қатар маммограммаларды «екінші оқылымы» қызметтерін бәсекелік ортаға беру мәселесі талқыланды. Снимоктарды екіреттік оқу дербес түрде екі рентгенолог дәрігермен іске асырылады. Осы ретте скрининг егер нәтижелер сәйкес келсе ғана аяқталған болып саналады.  

 Қазақстан мелициналық зертханалар қауымдастығының өкілі Ернар Кенжебаев:

«Бүгінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес мамморгаммалардың «екінші оқылым» онкологиялық диспансер мамандарымен ғана жүзеге асырылады. Адами фактор (дәрігердің демалысқа кетуі немесе науқастану парағын ашуы)  салдарынан маммограммаларды қайта тексеру жиі кешіктіріледі немесе іске асырылмай жатады».

 Юлия Якупбаева бұған қосымша «екінші оқылымды» өткізетін ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары мен міндеттерін анықтау қажет екенін атап өтті. Осы мәселені қарап, қажетті бұйрықтарға түзетулер енгізуге ҚР Денсаулық сақтау министрлігі дайын.

 Онкологяилық көмекті қаржыландыру мәселесі де көтерілді.

 «2009 жылдан бастап онкологиялық қызмет онкологиялық тариф шеңберінде қаржыландырылып келеді. Онкологиялық тариф әр өңірде әр түрлі, әр пациентке кететін шығын есепке алынбайды. Қатерлі ісік ауруларымен күресудің кешенді жоспарының іс-шараларын іске асыру шеңберінде клиникалық шығындар топтары бойынша онкологиялық қызметті қаржыландыруды өзгерту және онкологиялық тарифтерді қайта қарау көзделуде. Қазіргі кезде осы пункті жүзеге асыру аяқталмаған», – деді «Ұлттық денсаулық сақтау палатасы» қауымдастығының төрағасы Ербол Бекмұхамбетов.

 Өз кезегінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ өкілдері осы бағыттағы жұмыс жүргізіліп жатқанын, әрі 2021 жылы аяқталатынын айтты. 2021 жылға арналған келісімшарттар жасасудың белгіленген мерзімдерін ескере отырып, қатысушылар осы жылдың 1 желтоқсанына дейін нормативтік-құқықтық актілерге түзетулер енгізіп, клиникалық шығындар топтары бойынша қаржыландыруға көшуді ұсынды.

 Ұлттық палата медициналық қоғамдастықтың онкологиялық көмек көрсету бойынша НҚА-ға өзгерістер енгізу процедурасын жеделдету туралы өтінішін ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне ресми түрде жолдайтын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер