«Атамекен» мемлекеттік органмен бірлесіп, кәсіпкерлер арасында сауалнама жүргізеді
ҚР Ұлттық экономика министрлігі, ҰЭМ Экономикалық зерттеулер институтымен бірлесіп, «Атамекен» ҚР ҰКП әкімшілік кедергілерге қатысты проблемалық мәселелерді және оларды шешу бойынша ұсыныстарды жинай бастайды
Сауалнама деректері мемлекеттік реттеудің (талаптар, есептілік, рұқсаттар, мемлекеттік бақылау) бүкіл ауқымын түбегейлі қайта қарастыруға және Президент Қазақстан халқына жолдауында атап өткен реттеуді «таза парақтан» енгізуге негіз болады.
Жоспарланған реформаның негізгі бағдары:
- Тексеруге жарияланған мораторий мерзімі ішінде (яғни 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін) бизнес-реттеу реформасын жүргізу;
- Реттеу саясатының базалық принциптерін қайта қарауды және ауқымды, тіпті жазалауды көздейтін реттеуден кетіп, заманауи «саналы» реттеуге өтуді көздейтін реттеу жүйесін сапалы қайта жүктеудің қажеттілігі;
- Жемқорлық дендеген салалардан (сәулет-құрылыс қызметі, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, ветеринария, сертификаттау және т.б.) бастап, «таза парақтан» жаңа реттеуді енгізу негізінде жұмыс жүргізу.
Онлайн-сауалнама Электронды Үкімет порталында жарияланған.
(Электронды Үкімет порталы – Ашық диалог – Сауалнаманы өту – реттеу талаптарына қатысты түйткілді мәселелрді жинау).
Пікір қалдыру:
Пікірлер: