«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жауапкершілік жүгі: тасымалдаушыларға шамадан тыс жүктеме туралы хабарламалар негізсіз шығарылған

2020 жылғы 09 Қараша
- Жамбыл облысы
6942 просмотров

Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасына бірнеше ауыр жүк көлік иелері жүгінді, оларға Жамбыл облысы бойынша аумақтық көліктік бақылау инспекциясынан арнайы рұқсатсыз рұқсат етілген параметрлерді асырып, автокөліктеріне артық жүк тиегені туралы хабарлама келген

Сонымен қатар, кәсіпкерлердің айтуынша жүк көліктерін өлшеудің басқа пункттерінде артық жүк тіркелмеген, салмақ аркаларының көпшілігінде жүк салмағының рұқсат етілген шектері тіркелген, ал Жамбыл облысында орналасқан арнайы автоматтандырылған өлшеу құралы Меркі кентіне жақын «Алматы – Ташкент – Термез» автомобиль жолының 371 шақырымында артық жүк тиелгенін көрсетті.

Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлердің құқын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің сарапшысы Әлия Әмірбекова ақаулардың себептерін анықтау үшін өлшеу құралдарының көрсеткіштеріне шағымдану қажеттілігі туралы кәсіпкерлерді ешкім хабардар етпегенін айтты. Нәтижесінде, кәсіпкерлер өздерінің құқық бұзушылық жасағанын білмей, өлшеу нәтижелеріне тиісті түрде дау айту үшін бақылау таразыларында өлшеу құқығын пайдаланбады.

Кәсіпкерлер палатасы ҚР Бас көлік прокуратурасына кәсіпкерлердің арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарының көрсеткіштерімен келіспейтіндігі және таразының жай-күйіне тексеру жүргізу керектігі туралы хат жолдады.

Аталған факті бойынша Жамбыл көлік прокуратурасы Жамбыл облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының атынан жазылған хабарламалардың күшін жоя отырып, заңдылықтың бұзылуын жою туралы прокурорлық қадағалау актісін жіберді, өйткені арнайы автоматтандырылған өлшеу құралымен тексеру жүргізу кезінде автокөлік құралдарының салмақтық параметрлерін дұрыс емес тіркеу фактілері анықталды.

«EuroAsia Cargo» ЖШС директоры Сергей Панюшин ауыр жүк көлік иелерінің атынан Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының заң бөліміне осы мәселені шешуге уақытылы көмек көрсеткені үшін алғыс білдіреді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер