Кейбір әлеуметтік төлемдерге қатысты «0» коэффициентін қолдану мерзімдеріне өзгерістер енгізілді
«Атамекен» ҚР ҰКП «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» ҚР Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын салық салу мәселелері бойынша iске асыру жөнiндегi одан арғы шаралар туралы» ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі №224 Қаулысына жеке кәсіпкердің өзі үшін төлейтіндерін қоспағанда, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдардың мөлшерлемелеріне 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін «0» коэффициентін қолдану мерзімі ұзартуға қатысты өзгерістер енгізілгенін хабарлайды
Осы ереже жеке практикамен айналысатын тұлғалар және осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес қызмет түрлерінің тізбесі бойынша қызметін жүзеге асыратын микро, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілеріне қолданылады.
Қаулы 2020 жылдың 1 қазынан күшіне енеді.
ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі №224 Қаулысына сілтеме
Пікір қалдыру:
Пікірлер: