«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Юлия Якупбаева медициналық қызметтердің сапасын арттыруды ұсынды

2020 жылғы 04 Қараша
2849 просмотров

Кеңестің алғашқы отырысы 4 қарашада өтті. Бұл туралы «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева  өзінің facebook -тегі парақшасында хабарлады

 «Жұмыс жоспарының жобасын әзірге бекітпедік – ұсыныстарды шығару үшін 3-4 күн бар. Онда медициналық қызметтердің сапасын арттыру, цифрландыру және пациенттермен кері байланыс орнату үшін нарық пен тұтынушылардың нақты мәселелері қамтылуы керек деп санаймын. Бұл Денсаулық сақтау бағдарламалары мен НҚА жобаларын қарастыруға берілген ұсынстардан бөлек мәселелер», – деп жазды Юлия Якупбаева.

 Басқарма Төрағасының орынбасары міндетті медициналық сақтандыру және бастапқы медициналық-санитарлық көмекті реформалау бойынша жұмысты жүргізуді, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық қызмет пен отандық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету мәселелерін қарастыруды ұсынды.

 Кеңес құрамы 16 мүшеден тұрады, оған салалық сарапшылар, қоғам, үкіметтік емес ұйымдар және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері кірген. Еуразиялық медициналық қауымдастығының вице-президенті Надежда Петухова Кеңес төрайымы болып тағайындалды.

Кеңес жұмысы бюджеттік бағдарламалар мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің стратегиялық жоспарының жобаларын, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың жобаларын талқылауға және қарауға, азаматтардың денсаулық сақтау саласындағы құқықтары, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты құқықтық нормативтерді әзірлеуге қатысуды қамтиды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер