ҚАЗАҚ-ТҮРІКМЕН БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІНІҢ ОНЛАЙН КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
Маңғыстау облысы мен Түркіменстанның бизнес өкілдері онлайн форматта кездесу өткізді. Екі ел халқының тарихы, жағрапиялық орналасуы және мемлекет басшыларының достық қарым-қатынасы бізге барлық салада, әсіресе сауда-экономикалық тұрғыдан жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік береді. Басқосуда Қазақстанның Маңғыстау облысы мен Түркіменстанның Балқан уәлаяты арасындағы шекара маңы аумақтары арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларына ерекше назар аударылды. Екі елдің шекарасында шекара маңы саудасының арнайы аймағын құру бастамасын ерекше атап өткен жөн. Барлық өңірлерде өзінің өңірлік кеңселері бар «Атамекен»ҚП ҰКП бұл процеске белсенді қатысуға дайын. Бүгінгі таңда өңірлік кәсіпкерлер палатасы 120 мың адамнан тұратын 52 мыңнан астам белсенді кәсіпкерлік субъектілерін біріктіреді. Маңғыстау облысының жалпы өңірлік өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі 33%-ды құрайды, 2019 жылы 1 триллион 209 млрд теңге немесе 3,2 млрд АҚШ доллары сомасында өнім шығарды.
«Біздің бүгінгі кездесуіміз ортақ стратегиямызды іске асыруда да, COVID-2019 коронавирустық инфекциясымен байланысты дағдарыстық жағдайдан шығу жолында да өзекті деп санаймыз. Карантиндік шараларға және әлемдегі қазіргі жағдайға қарамастан, Қазақстанның Түрікменстанмен сауда деңгейі тұрақты өсуді сақтап қалды. Ағымдағы жылдың жеті айында тауар айналымы 10% - ға артып, шамамен 100 млн АҚШ долларын құрады. Біздің тарапымыздан машина жасау, тамақ өнеркәсібі, IT, туризм, құрылыс, экология және басқа да салалардағы нақты жобаларды талқылап, іске асыруға, сондай-ақ өнеркәсіп өнімдері, ауыл шаруашылығы өнімдері мен халық тұтынатын тауарлардың бірлескен жәрмеңкелік-көрмелік іс-шараларын ұйымдастыруға дайынбыз. Ақтау қаласында «Ақтау теңіз порты» АЭА жұмыс істейді. Онда жер салығы, ҚҚС, корпоративтік табыс салығы, кедендік баж нөлдік мөлшерлемеге ие. Сондай-ақ, 3 субаймақта барлық қажетті инфрақұрылым бар. Біз өзара тиімді шарттар бойынша бірлескен кәсіпорындар құруға дайынбыз»,- деді Еділ Терекбайұлы.
Бұдан басқа, Маңғыстау «Солтүстік-Оңтүстік», «ТРАСЕКА», «Батыс Қытай - Батыс Еуропа» халықаралық транзиттік дәліздеріне шығатын жерүсті, әуе және теңіз көлік қатынасы түрлерінің бағыттары жұмыс істейтін Қазақстандағы жалғыз өңір болып табылады. Яғни, біздің өңірдің қолданыстағы транзиттік-логистикалық әлеуеті – бұл Түрікменстанның тауар өндірушілеріне өз өнімдерін әлемнің 2 млрд.-тан астам халқы тұратын Еуропа, Ресей, Қытай және Оңтүстік-Шығыс Азия нарықтарына жеткізудің тамаша мүмкіндігі болмақ.
«Екі тараптың ынтымақтастық перспективасы жоғары, интеграциялық процестерді белсенді түрде арттыру қажет деп санаймыз. Осыны ескере отырып, біздің бірлескен қызметімізді жүйелеу мақсатында мынаны ұсынамыз: өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қою, бір жылға нақты іс-шаралар жоспарын әзірлеу және жақын арада өнімдеріміздің каталогтарымен алмасу. Біздің жоспарларымызды жүзеге асыру үшін тұрақты негізде ақпарат алмасу қажет. Бізде атқарушы орган-Кәсіпкерлер палатасының дирекциясы бар, ол әрқашан жедел режимде біздің шешімдерімізбен жұмыс істейтін болады. Қазақстанның Түрікменстандағы Елшілігіне және Түрікменстанның Ақтаудағы консулдығына екі ел кәсіпкерлерінің екіжақты кездесулерін ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін тағы да алғыс айтамын»,- деп қорытындылады сөзін Өңірлік кеңес төрағасы Еділ Жаңбыршин.
Келелі кездесулер алдағы уақытта да ұйымдастырылып тұратын болады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: