Форс-мажорды тіркеу бойынша қызметтер ақылы көрсетіледі
30 қазаннан бастап «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының бұйрығымен мемлекеттік сатып алулар, квазимемлекеттік сатып алулар, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алулары саласында міндеттемелерді орындайтын кәсіпкерлерге еңсерілмейтін күш (форс-мажор) жағдайын куәландыру бойынша процедура ақылы негізде жүргізіледі
Форс-мажор жағдайын куәландыру бойынша қызметтер құны келесідей:
- құжаттардың құқықтық талдауы – 15 АЕК;
- еңсерілмейтін күш (форс-мажор) жағдайын және «Hardship» жағдайын куәландыру:
- мерзімі өткен міндеттеме сомасы 100 000 теңгеге дейін болса – куәландыру құны құжаттардың құқықтық талдауы құнына кіреді;
- мерзімі өткен (орындалмаған) міндеттеме сомасы 100 000 теңгеден асқан жағдайда – келісімшарт (контракт) бойынша мерзімі өткен міндеттеме сомасынан 1%, бірақ 850 АЕК-тен артық емес.
* қызметтер құны ҚҚС-ты есептеусіз көрсетілген.
Кәсіпорын өзінің сыртқы экономикалық мәмілелері бойынша міндеттемелерін орындай алмаған жағдайда контрагент елдің Сауда-өнеркәсіп палатасы немесе басқа уәкілетті ұйымы берген ресми құжатты (анықтама, хаттар, хабарламалар,бұйрық, нұсқамалар және т.б.) Қазақстанның Сыртқы сауда палатасына беруі керек (мысалы: ҚХР-да - China Council for The Promotion of International Trade). Егер қажеттілік туындаса, форс-мажорлық жағдайлар туралы қорытынды беру үшін Қазақстанның сыртқы сауда палатасы қосымша құжаттар сұрата алады.
Осындай өтінімдерге қатысты тездетілген қарау мерзімі (5 күн) қолданылмайды.
Форс-мажор туралы куәлікті алуға қажетті құжаттар тізімін келесі электронды мекенжайлардың біріне өтініш жіберіп алуға болады: info.icc.kz@gmail.com немесе online@atameken.kz
Пікір қалдыру:
Пікірлер: