«Атамекен» ҰКП үшін басымдыққа ие сегіз бағыт
Ұлттық палата пандемиядан кейінгі жұмыстың сегіз бағытын атады
«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов карантиннен кейінгі кезеңнің шешілмеген мәселелері және пандемиядан кейінгі уақытта жұмыстың басым бағыттары туралы айтты.
«Мемлекеттің уақтылы қолдауына қарамастан бізде шешілмеген мәселелер бар. Мәселен, маусым айында салық төлемдерін кейінге шегеру, 1 қазаннан несие төлемдерін кейінге шегеру мерзімі аяқталды, осы ретте кәсіпкерлердің бір бөлігі қызметін бастай алмады. Ұлттық экономика министрлігі 29 саланы анықтады, олар сервис және қызмет көрсетудің негізгі секторлары. Пандемия кезеңінде барлық салалар зардап шекті деп санаймыз, бизнестің кейбір түрлері локдауннан әлі де шыға алмай отыр. Біз Ұлттық экономика министрлігінен рұқсат берілген қызмет түрлері тізімін кеңейтіп, тізімге өңдеу саласы түрлерін қосу бойынша өтінім жасадық. Бұл ретте бюджет мүмкіндіктерін ескеруіміз керек. Ұлттық палата кәсіпкерлермен үнемі байланыста, бүгінде салалық комитеттер қорытындысы бойынша үкіметпен отырыстарда 161 түйткілді мәселе анықталды, олардың бәрі Ведомствоаралық комиссия мен мемлекеттік органдар шешімін талап етеді», – деп түсіндірді спикер.
400 мың кәсіпкерлік субъектісі Info Kazakhstan платформасы арқылы қызметті жаңартуға өтінім берді, Үкіметпен бірлесіп, бизнестің жұмысына арналған 40 алгортим әзірленгенін атап өтті Абылай Мырзахметов.
Бизнесті реттеудің жаңа нормативтік-құқықтық базасын әзірлеу бойынша жұмыс жалғасын табады.
«Мұның бәрі кәсіпкерлік қызметті реттейтін құқықтық орта. Грузия, Эстония және Еуропаның басқа елдерінің үздік практикаларын қарастыру жоспарда. Негізгісі – қарапайым әрі түсінікті бизнес-процестерді әзірлеу, олар «Бизнеске арналған үкімет» жобасы аясында цифландыралатын болады. Жұмыс көтерме және бөлшек сауда, орналастыру және тамақтану, ауыл шаруашылығы, құрылыс, сондай-ақ көлік және қаттау саласындағы 860 мың кәсіпкерлік субъектіні қамтыды», – деді Абылай Мырзахметов.
Осы ретте Ұлттық палата басшысы салық кодексін реформалау бойынша тұрақты жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Алайда көлеңкелі сектор және өзін-өзі жұмыспен қамтыған қазақстандықтарға назар аудару қажет.
«Пандемия елде 1,2 млн адам бейресми жұмыс істеп, 3 млн адамның еңбекақы қорына тұрақты салымдары жоқ екенін көрсетті. Осы мәселеде еңбекақы қорына ауыртпалықты азайту аса маңызды. Бәрін есептеуге дайынбыз, мөлшерлемені ағымдағы 32,5%-дан 20%-ға азайтуды ұсынамыз. Бұл шара көлеңкелі экономикадан шығуға көмектеседі», – деді Мырзахметов.
Бұдан бөлек, соңғы 5 жылда несиелеу көлемі азайды. Ал Еуразиялық одақтағы ынтымақтастық отандық кәсіпкерлер үшін рубльдегі несиелерді тартымды ете түсті. Ұлттық палатада базалық мөлшерлемені Ресейдегідей, 4-5%-ға дейін төмендетуді және өтімділікті нақты секторға несие беруге қайта бағыттауды ұсынады.
Тағы бір бағыт – «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы. 581 млрд теңге сомасына 2,4 мыңнан астам жоба мақұлданды, күтілетін нәтиже 20,5 млрд теңге мөлшерінде қосымша салық алымдарының түсуі және 16,9 мың жаңа жұмыс орнының ашылуы, деп ақпараттанды Ұлттық палата басшысы.
«Бүгінде жобалық кеңсе – мемлекеттік органдар және кәсіпкерлермен ынтымқатасатын толыққанды диалог алаңы. Кеңсе жұмысы 5 сатып алу алаңын қамтиды, өңірлік даму бағдарламасын қостық. Алаң белсенді, онда бүгінде «Өнеркәсіп» ақпараттық жүйесі арқылы жүргізіліп жатқан экспортты дамыту және мәселелеріне мониторинг жүргізу процесін шынайы уақыт режимінде бастауға болады», – деп атап өтті спикер.
Спикердің айтуынша, аграрлық секторды дамыту шеңберінде ауылдық жерлерде «егістіктен – дүкен сөресіне дейін» кооперациялық тізбекті және агротехнологияларды дамыту бойынша жұмыс жалғастырылады. Ауылда әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және фермерлердің құзыретін үнемі арттыру өте маңызды.
2020 жылдан бастап ШОБ-тан түсетін корпоративті табыс салығы жергілікті бюджеттерге берілді. Өңірлік даму бағдарламасы жергілікті атқарушы органдар үшін ШОБ-ты дамыту және салық базасын арттырудың құралы болады деп күтілуде.
«Осы мақсатқа қол жеткізу үшін өңірлердің экономикалық картасы қажет. Өңірлер бойынша талдау өңірлердің бюджеттік шығыстарын оңтайландыру мен кірістіліктің өсуіне әкеледі деп күтеміз. Бұл шара осы мақсатты индикаторларға екпін жасай отырып, аймақтарды дамыту бойынша нақты шараларды әзірлеуге көмектеседі», – деді «Атамекен» басшысы.
Айта кетелік, пандемиядан кейінгі кезеңде Президент жолдауын ескере отырып әзірленген 8 бағытқа басымдық беріледі:
- «таза парақтан» реттеу,
- салық кодексін жетілдіру,
- ынталандырушы ақшалай-несиелік саясат,
- экономикада мемлекет үлесін азайту,
- қисынды протекционизм,
- АӨК-ті дамыту,
- өңірлік даму бағдарламасы,
- мамандарды дайындау.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: