«Fit for partnership with Germany» басқарушы мамандарды дайындау жөніндегі бағдарлама қорытындысы онлайн талқыланады
4-6 қараша аралығында «Fit for Partnership with Germany» (Германия) бағдарламасы және «Бизнестің жол картасы-2025» (Қазақстан) бизнесті қолдау мен дамыту бағдарламасының «Іскерлік байланыс» құралын іске асыру қорытындысына қатысты конференция өтеді.
Іс-шара Германияның экономика және энергетикасының федералды министрлігі, ҚР Ұлттық экономика министрлігі, Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі неміс қоғамы (GIZ), «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ Қазақстанның сыртқы сауда палатасының атсалысуымен ұйымдастырылды.
3 күн ішінде 20-ға жуық қазақстандық және шетелдік сарапшы конференция қатысушыларына 13 практикалық кейсті шешуге ұсынады, олардың қатарында:
-ауыл шаруашылығын цифрландыру және органикаға бет бұру;
- кедергісіз онлайн-сауданы ұйымдастыру;
- фэшн-брендті басқаруда қателіктерді алып тастау;
- өндірісті трансформациялау және модернизациялауға үшін жаңаша ойлауды қалыпастыру.
Осы ретте конференция қатысушыларына GR, HR және сәтті келіссөздер жүргізу бойынша тренингтерде біліктілікті арттыруға бірегей мүмкіндік беріледі, сондай-ақ конференция барысында кездесу қатысушыларына арнайы интерактивті іскерлік ойын ұйымдастырылады.
Конференция барысында бағдарлама түлектері – стратегиялық менеджменттің, инновациялық ойлаудың және ең жаңа технологияларды енгізудің арқасында экономикалық жетістіктерге жеткен неміс және қазақстандық компаниялардың өкілдері тәжірибелерімен бөліседі.
Компаниялар қатарында: Farmtastic Consulting GmbH, Siemens, Wilo SE, Alibaba сервис-серіктес, «Орал трансформатор зауыты» ЖШС бар.
Былтыр Қазақстанның барлық өңірлерінен бағдарламаларға 41 компания – шағын және орта бизнес өкілдері қатысты.
Іс-шараның ақпараттық каналы: https://t.me/deloviesvyazi2020
Пікір қалдыру:
Пікірлер: