«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Отандық кәсіпкерлер Қазақстан жеткізушілері қызметін дамыту жобасы аясында Сербияға барады

2020 жылғы 15 Қазан
4029 просмотров

Отандық кәсіпкерлер 5-күндік оқу туры аясында Сербияға барады

Сербияға сапар – делегацияны қабылдайтын ел үшін де, сондай-ақ Қазақстан жеткізушілері қызметін дамыту жобасына қатысушылар үшін жаңа білім алу мақсатындағы саяхат болмақ.

 Осындай іс-шараға қатысу өзара білім алу, тәжірибе мен білім алмасуға тиімді ықпал етеді. Қатысушылар Сербияда жеткізушілерді дамыту жобасын іске асыру тәжірибесімен тікелей танысады.

 Бұдан бөлек, Қазақстаннан келген қатысушылар тексерілген шешімдерді көшіру және масштабтау мүмкіндігімен өз салалары бойынша адамдармен серіктестік қарым-қатынас орната алады. Аталған іс-шара Дүниежүзілік банктің қаржылай қолдауымен ҚР Ұлттық экономика министрлігінің «Шағын және орта кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттігі жобасы» шеңберінде 2020 жылдың 1-7 қараша аралығында   өтеді.   

 «Жеткізушілерді дамыту қызметін құру, біліктілікті жетілдіру және жеткізушілерді дамытудың пилоттық жобаларын іске асыру бойынша қызметтер» – жоба құрауыштарының бірі. Отандық кәсіпкерлер Қазақстан жеткізушілері қызметін дамыту жобасын Euroconsultants SA (Греция) компаниясы, «QazIndustry» Қазақстан индустрия және экспортты дамыту инстиуты» АҚ және «Атамекен» ҰКП бірлесуімен іске асырылуда.

 «Сербияға танысу сапары тәжірибе алмасуға және Сербия Республикасында жүзеге асырылған осындай жеткізушілерді дамыту бағдарламасын іске асырудың нәтижелерін таныстыруға арналған, бағдарлама экономиканың бірнеше секторын қамтиды, демек Қазақстанда жеткізушілер қызметін дамыту жобасының нысаналы салаларымен сәйкес келеді. Танысу сапары барысында қатысушылар қазақстандық тәжірибемен бөлісу және Сербия жеткізушілерін дамыту жобасының негізгі сарапшыларымен сұхбаттасу бойынша құнды мүмкіндікке ие болады. Олар Сербия даму агенттігі (RAS), трансұлттық корпорациялар, шағын және орта бизнес, кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен, сондай-ақ Сербия жеткізушілерін дамыту жобасын іске асыруға мүдделі тараптармен кездеседі», – деді Қазақстанда жеткізушілерді дамыту жобасының жетекшісі Ненад Божанич.

Қазақстан делегациясы құрамына ҚР Ұлттық экономика министрлігі, «QazIndustry» Қазақстан индустрия және экспортты дамыту инстиуты» АҚ, «Атамекен» ҰКП өкілдері, сондай-ақ Қазақстанда жеткізушілерді дамыту жобасын іске асыруға белсенді қатысып жатқан шағын және орта кәсіпорындардың топ-менеджерлері кірді.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер