«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Бастау» қатысушысы: Мен кішігірім, бірақ ең бастысы өз кәсібімді ашамын

2020 жылғы 14 Қазан
- Павлодар облысы
3593 просмотров

Ағымдағы жылы 249 павлодарлық «Бастау» жобасы бойынша оқуды ойдағыдай аяқтады. Өздерінің бизнес-идеяларын 54 тыңдаушы жүзеге асырып үлгерді.
Тәжірибе көрсеткендей, «Бастау» әр түрлі жастағы тыңдаушыларға қызықты.
Мысалы, Анатолий Романов 48 жаста және де ол алғаш рет  өз ісін ашуға бел буды.

«Мен 24 жыл электр станциясында жұмыс істедім. Денсаулығыма байланысты жұмыстан кетуге тура келді. Әрі қарай қайда бару керек? Жұмыспен қамту орталығына барып тіркелдім. Онда олар маған «Бастау» жобасы туралы айтып берді. Содан мен, неге сынап көрмеске деп ойладым! Өзім әрқашан фото түсірумен айналысқанмын. Достарым мен таныстарым үнемі менің жұмыстарымды жақсы бағалайтын. Енді мен сүйікті хоббиімді өмірлік жұмысыма айналдыруды шештім », - дейді жаңадан бастаған кәсіпкер.

Осылайша, мәжбүрліктен бе, әлде тағдырдың қалауымен, Анатолий Романов кәсіпкерлік жолына түсті.

«Мен кәсіпкер болуды шешкендерге тегін оқыту сияқты жақсы қолдау бар екенін білгенде өте қатты қуандым. Мен қателіктерден болатынын түсінемін, бірақ оқу оларды болдырмауға мүмкіндік береді. Басым жағы ол - салықтар, инспекциялар және басқа да сұрақтар бойынша туындайтын қорқыныштарды сейілтіп, көп нәрсені түсінуге мүмкәндәк береді. Сабақтар онлайн режимінде өткізілді. Мен үшін бұл өте ыңғайлы, сабақты кез-келген уақытта көруге болады, кері айналдырып немесе қайталап көруге болады», -деп, «Бастаудың» түлегі өз әсерімен бөліседі.

Бизнес-жаттықтырушыдан түсініксіз немесе күмән тудыратын барлық нәрсені сұрауға мүмкіндік болды. Бұл тыңдаушыға қажетті материалды жемісті игеруге көмектесті.

«Бізде қиын жағдайларда сұрақтарға жауап беретін және кеңес беретін бизнес-жаттықтырушы болды. Нәтижесінде мен курсты ойдағыдай аяқтадым, бизнес жоспарымды қорғап, бітіргенім туралы сертификат алдым. Енді мен ақырындап кішігірім, бірақ ең бастысы өз кәсібімді бастап жатырмын. «Бастау» жобасының барлық тыңдаушыларына мен осыны тілеймін, - деді Анатолий Романов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер