«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ұлттық палатаның бизнес субъектілерінің санитарлық талаптарды бұзуына қатысты позициясы

2020 жылғы 14 Қазан
5965 просмотров

«Атамекен» ҰКП COVID-19  бойынша жарияланған төтенше жағдай кезеңінен бастап жаңаша жағдайды ескере отырып, бизнес қызметін барынша қалпына келтіру үшін барлық шараларды қабылдауда.

Қазіргі кезде бизнес қызметінің 100-ге жуық саласы: сауда және ойын-сауық орталықтары, базарлар, қоғамдық көлік,  шипажайлар, қонақ үйлер, мейрамханалар, білім беру ұйымдары және т.б. салалар жұмыс істеуге мүмкіндік алды

 Нысандардың ашылу (мониторингтік топтардың тексеруінсіз)  процесін тездету мақсатында infokazakhstan.kz платформасы құрылды. Infokazakhstan.kz платформасы арқылы 400 мыңға жуық кәсіпкер санитарлық дәрігерлермен бірлесіп жасалған алгоритмдерге сәйкес қызмет ету форматын өзгертуге қатысты өз келісімдерін берді.

 Бүгінде азаматтар денсаулығының маңыздылығын ескере отырып, кәсібін адал жүргізетін бизнесмендер:

-келушілер саны бойынша шектеулер;

-регламенттелген жұмыс кестесі;

-санитарлық өңдеу және персоналдың жеке қорғаныш құралдарының болуына талаптар;

-санитарлық нормалардың сақталуына цифрлық мониторингті қамтамасыз етуге шығындар (камералар, ІТ-бағдарламалары) салдарынан процестерді түбегейлі өзгертуге мәжбүр.

 Осы ретте карантиндік шараларды тікелей елемейтін кәсіпкерлік субъектілердің саны артып келеді. Мониторингтік және қоғамдық топтар соңғы апталарда келесі бұзушылықтарды тіркеген:

 -тыйым салынған санаттардағы нысандардың демалыс және мереке күндері жұмыс істеуі;

-бұқаралық іс-шаралар өткізу;

-маска кию режимі және арақашықты сақтамау;

-алгоритмдермен бекітілген санитарлық талаптарды қайталап бұзу және т.б.

Құрметті бизнесмендер, назарларыңызды кәсіпкерлік тарапынан бұзушылықтардың өсуі карантиндік шаралардың ары қарай жеңілдетілуіне үлкен кедергі болатынына аудартқымыз келеді.

 Бұдан бөлек, нарықта наурыз айынан бері  қызметін бастай алмай жатқан бизнес түрлері (кинотеатрлар, облысаралық және халықаралық тасымалдар, боулинг, компьютер клубтары, караоке, салтанат залдары, зообақтар, сауда және ойын-сауық орталықтарындағы ойын-сауық парктері және т.б.) барын ұмытпаған жөн, отандастарымыздың шамамен 132 мыңы жұмыссыз қалған.  

 Қазіргі кезде нормаларды  «бұзушылар» әрекетінен жауапкершілік бүкіл бизнеске, соның ішінде кәсібіне адал жүргізіп отырған кәсіпкерлерге  де артылып отыр. Бұл қаншалықты дұрыс?

 Санитарлық нормаларға немқұрайлы қарап, бұзып жатқан компаниялар мен кәсіпорындардың жұмысы шектелуі керек деп санаймыз.

 Бірақ өз қызметін санитарлық нормаларға сәйкес іске асырып жатқан адал бизнес жұмыс істеп, қызметкерлеріне еңбекақы төлеуге мүмкіндік алуы керек.

 Жалпы эпидемиологиялық қиын ситуацияны ескере отырып, кәсіпкерлерден бизнесті жауапкершілікпен жүргізуді сұраймыз. Пандемия жағдайында санитарлық нормаларды сақтау өте маңызды –  бірінші кезекте бұл клиенттеріңіз бен қызметкерлеріңіздің денсаулығының қауіпсіздігіне қамқорлық таныту.

Біз сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі мен санитарлық дәрігерлерден шектеу шараларын барлық кәсіпкерлік субъектілеріне емес, нақты бұзушыларға қатысты қолдануды қарастыруды сұраймыз.

Өз тарапымыздан біз жүйелі шешімдер – санитарлық нормалардың цифрлық мониторингін және электрондық санитарлық паспортты бірлесіп әзірлеуге белсенді қатысуға дайын екенімізді білдіреміз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер