Тимур Құлыбаев: өңдеу өнеркәсібін дамыту үшін мемлекеттік органдар және даму институттарының етене жұмыс істеуі аса маңызды
Машина жасау және өңдеу өнеркәсібінің мәселелері «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев және салалық комитеттердің есептік жиынында талқыланды
Өңдеу өнеркәсібі комитетінің экс-төрағасы Владимир Бобровтың мәліметі бойынша 2020 жылдың қаңтар-тамыз аралығында карантин және төтенше жағдай режимін енгізуге қарамастан экономикалық көрсеткіштердің өсуі байқалған. Қағаз және жеңіл өнеркәсібі өнімдері өндірісінің артуы халық тарапынан жеке қорғаныш құралдарына сұранысының өсуі және осыған дейін елден макулатураны сыртқа шығаруға тыйым салуының нәтижесінде орын алған.
«Осы ретте Президенттің мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелердің жиһаз сатып алуына үш жылға тыйым салу туралы жарлығынан кейін жиһаз өндірісінің күрт төмендегенін байқап отырмыз. Карантин шаралары кезеңінде тұтынудың төмендеуіне байланысты көрсеткіштердің төмендеуі құрылыс материалдарын өндіруде де байқалған, алайда құрылыс көлемін ескепке ала отырып, жыл соңына дейін өндіріс көлемінің өсуін болжаймыз, – деп хабарлады Владимир Бобров.
Өңдеу өнеркәсібін қолдау үшін комитет мүшелері – салалық қауымдастықтар жедел шаралар әзірленді, бұл шаралар ары қарай 2020 жылға Экономиканың қалпына келтірудің кешенді жоспарына және комитеттің жұмыс жоспарына енгізілген.
«Қазіргі таңда 2020 жылға Экономиканы қалпына келтірудің кешенді жоспарын сапалы іске асыру үшін мемлекеттік органдар және квазимемлекеттік сектормен өзара толық ынтымақтастықты жолға қою керек», – деді Тимур Құлыбаев.
Салалық комитеттің жаңа жетекшісі Альберт Рау отандық материалдардың бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық әлеуетті қамтамасыз ету есебімен құрылыс материалдарын өндіруде импортты алмастыруға назар аударып, жұмысты жалғастыруға ниетті.
«Мемлекеттік инфрақұрылымдық бағдарламалар шеңберінде индустриялық тұрғын үй салу өнімін қолдануға басымдық беру бойынша ұсыныстар дайындап, жүн, тері және мақта-шикізатті өңдеу бойынша өндірісті құру/модернизациялауға инвестициялық субсидияларды бөлу механизмді әзірлеу қажет, бұл өте маңызды», – деп хабарлады Альберт Рау.
Қазақстанның машина жасау саласындағы оң серпінді машина жасау комитетінің төрағасы Мейрам Пшембаев атап өтті.
«2020 жылдың 8 айы қорытындысы бойынша машина жасау саласындағы өндіріс көлемі 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16%-ға артып, ақшалай мәнде 1 трлн теңгені құраған», – деп хабарлады комитет жетекшісі.
Саланың дамуына «Машина жасау саласын дамытуд жөніндегі 2019-2024 жылдарға арналған жол картасы» іс-шараларын іске асыру ықпал етті, оның шеңберінде ҚР Президенті, ҚР Үкіметі және бизнес-қоғамдастық Өнеркәсіпті дамыту қорын құру, «Өнеркәсіптік саясат туралы» Заң тұжырымдасы жобасын әзірлеу, ҚР Кәсіпкерлік кодексіне бизнес-ахуалды жақсарту бойынша өзгерістер енгізу бойынша бірлескен жұмысты жүргізіп жатыр.
«Машина жасау саласын дамытуды көздейтін, 2019-2024 жылдарға арналған жол картасы» машина жасауды ғана емес, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібін кезең-кезеңді дамытудың сценариінің көрнекі үлгісі», – деп атап өтті Мейрам Пшембаев.
Спикер «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасын комитет жұмысының бағыттары туралы ақпараттандырды.
«Атамекен» ҰКП басшысы Тимур Құлыбаев экономиканың негізгі салаларының бірі – агроөнеркәсіптік секторының техникаға қажеттілігін қамтамасыз етуге назар аудартты.
«Қазіргі кезде ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдық паркін модернизациялау бойынша мәселе өзекті. Шаруа қожалықтардың басым бөлігінде, ең кемі шағын және орта қожалықтарда техниканың тозығы жеткен. Ауыл шаруашылығы өндірушілерінің қажеттіліктерін ескере отырып, техниканы жаңарту отандық машина жасау кәсіпорындарының қуатын жүктеуге мүмкіндік береді. Олар, өз кезегінде баға-сапа қатынасында өнім шығару, жергілікті орналастыруды арттыру, сервистік қызмет көрсетуді дамытулары қажет. Нақты құрылған ауыл шаруашылығы кооперативтеріне техника және жабдықты лизингке алуға мүмкіндік беру қажет», – деп ұсынды Тимур Құлыбаев.
Осы мәселе жолаушы автобустарын отандық өндірісіне қатысты. Бұл ретте отандық жолаушы автобустарын бюджеттік қаражат есебінен сатып алып, ары қарай жеке операторларға төмен пайыздық мөлшерлемеде лизингке беру мәселесін жолға қою қажет.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: