«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

МАҢҒЫСТАУДЫҢ БЕЙНЕУ АУДАНЫДА КӘСІПКЕРЛІК МАҚСАТТА 85 АДАМҒА ГРАНТ БЕРІЛДІ

2020 жылғы 12 Қазан
- Маңғыстау облысы
2277 просмотров

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылға арналған бағдарламасы» аясында «Бастау бизнес» жобасымен 140 адам оқып, 85 адам грант алды. Бұл туралы Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының Бейнеу аудандық филиалының директоры Роллан Ережепов мәлім етті.

«Жыл сайын ауданда кәсіпкерлер саны артып келеді. Оның ішінде жастардың қатары көбейіп отыр. «Бастау бизнес» жобасымен оқыған 140 адамның 85-і қайтарымсыз грантқа ие болды. Нақтырақ айтқанда 5 адам 530 200 теңге, 80 адам 555 600 теңге қаражат алды. 46 жоба инвентариялық бағытта, 10 жоба технологиялық бағытта және 29 жоба мал шаруашылығын дамыту бағытында болып отыр», - деді Роллан Ережепов.

Айта кетейік, «Бастау бизнес» жобасының негізгі мақсаты ауылдық елді-мекендерде, аудан орталықтарында тұратын, ең бастысы жұмыспен қамту орталығында тіркелген немесе тіркелмеген жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар кәсіпкерлерге қолдау көрсету.

Оқу аяқталған соң екі түрлі сертификаттың  (қатысу туралы сертификат, оқуды аяқтау туралы сертификат) бірін алады. Аталған сертификаттар жылдық  6 пайыз жеңілдікпен несие алу құқығын береді.  Жоба аясында қатысушыларды оқыту қайтарымсыз негізде жүзеге асырылады. Оқуға қатысушыларға 16 759 теңге көлемінде бір реттік шәкіртақы төленеді. Қатысушылар сондай-ақ жобаларына 1 жыл бойы сүйемелдеуді пайдалана алады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер