Шағын және орта бизнестің жүйелі мәселелері – Сенат пен Ұлттық палатаның назарында
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетімен жұмыс кездесу өткізді.
«Жаңа жағдайдағы экономикалық даму: Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және қолдау саласында мемлекеттік саясат пен құқықтық реттеуді жетілдіру» тақырыбында парламенттік тыңдау алдындағы жұмыс кездесуге Қазақстанның түпкір түпкірінен бизнес, салалық және өңірлік қауымдастықтардың өкілдері қатысты.
Жиынның күн тәртібінде салық салу, несиелеу, қызметкерлерге еңбекақы төлеу, бизнестің коммуналдық қызмет төлемдері, сондай-ақ жалға алу төлемдері мәселелері көтерілді. Дәл осы тақырыптар карантин басталғалы бері Ұлттық палатаның тұрақты бақылауына алынған.
«Біздің мақсатымыз – шағын жне орта бизнесті қолдау мен дамытуда қандай проблемалар барын түсіну. Коронавирус пандемиясына дейін болған жүйелі мәселелер және екінші бөлімі қазіргі кезде коронавируспен байланысты қандай сұрақтар мен мәселелер бар. Техникалық регламентке байланысты сұрақтарды айтуға мүмкіндік болса. Олар көп, шағын және орта бизнес үшін қандай кедергілер бар. Жарамдылық мерзімі, сапасы қандай және тағы да басқа сұрақтар», – деп атап өтті алғы сөзінде Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Дәурен Әділбеков.
«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Евгений Больгерт өзінің баяндамасында бүгінде HoReCа секторында айтарлықтай қиын жағдай орын алғанын айтты.
«Рестораторлардың деректері бойынша мейрамханалардың 20%-ы персоналдың 30-40%-ын қысқартуға мәжбүр болған. Иә, ашық алаңда жұмыс істеуге мүмкіндік берілді, бірақ осылайша Нұр-Сұлтан қаласы жағдайында мейрамханалар мен кофелердің жалпы көлемінен 5%-ға ғана мүмкіндік жасалды. Қалғандары жұмысты тоқтатып, персоналды қысқартуға мәжбүр болды», – деп атап өтті Евгений Больгерт.
Ұлттық палатаның мүшесі кинотеатрларға байланысты жағдайға жекелей тоқталды, олар әлі қызметті қайта бастай алмай жатыр. Кездесу барысында кинотеатрлар мен сауда және ойын-сауық орталықтарының, әсіресе демалыс күндері жұмыс істеу мәселесі бірнеше рет көтерілді.
Кәсіпкерлер, жалға берушілер және жалға алушылар сауда орталықтары аумағында жұмысты қайта бастауға, соның ішінде демалыс күндері қауіпсіздік шараларын барынша сақтауға күш салуға дайын екендерін қадап айтты.
Кездесу барысында салық салу – көтерілген маңызды мәселелердің бірі болды. Еске салсақ, осыған дейін Мемлекет басшысы Салық кодексін қайта қарау және барынша түсінікті заңнама құруды тапсырған болатын. Өз кезегінде кәсіпкерлер кез келген кәсіп иесіне түсінікті болатын, шағын және орта бизнеске арналған жекелеген салық кодексін әзірлеуді ұсынды.
Жиын барысында несиелеу мәселесі де назарға алынды, бұл сұрақ «Атамекен» тарапынан барлық алаңдарда бірнеше рет көтерілген болатын. Қазіргі таңда бизнес өкілдерінде қаражат айналымы жоқ, әсіресе бұл мәселе сауда, қызмет көрсету және қоғамдық тамақтану салаларына қатысты, өйткені кәсіпкерлердің басым бөлігі карантин мен локдаун кезеңінде жұмысты тоқтата тұруға мәжбүр.
«Біздің ұстанымыз қарапайым – микроқаржыландыру жүйесін дамыту қажет. Алаңдаудың қажеті жоқ, жұмыссыздар мен ауыл тұрғындарына серпін беру қажет, кәсіп жүргізуге үйрету керек, 3-5 жылдан кейін олар банк клиенттері болып, бизнес-жоспарлар жасайды, қалай бизнесті жүргізіп, нормаларды сақтау қажеттігін белетін болады», – деп атап өтті «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов.
Өз сөзінің дәлелдемесі ретінде ҰКП Басқарма Төрағасы 5 микроқаржы ұйымын мысалға келтірді, бұл микроқаржыландыру орталықтары жеке қаражатқа құрылып, «Бастау» жобасы түлектеріне кәсіп ашуға несие берген. Проблемалық несиелердің үлесі төмен.
Комитет төрағасы Дәурен Әділбеков өз кезегінде шектеу шараларын қабылдау мәселесінде, соның ішінде Ведомствоаралық комиссия деңгейінде жүйелілік пен реттілік қажеттігін атап өтті.
«Бизнес денсаулық пен қоғамдық қауіпсіздіктің басымдығын ескере отырып, шектеулерге түсіністікпен қарайды. Осы ретте мүдделер теңгерімін табу аса маңызды, бизнеске бастысы жоспарлау көкжиегін түсіну қажет. Кәсіпкерлік секторына бизнестің қолдауы, соның ішінде қаржылай қолдауы керек. Жұмыс тобының мүшелері – депутаттарға, Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшелеріне талқыға белсенді қатысып, бастама көтеріп, өнімді диалог құрғандары үшін алғыс білдіргім келеді. Нарыққа қатысушылардың өздері айтқан ақпарат парламенттік тыңдау қарсаңыда пайдалы болады деген ойдамын», – деді Абылай Мырзахметов.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: