Мониторингтік топтардың жұмысы күшейтіледі – Ведомствоаралық комиссия
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Тоғжановтың төрағалығымен өткен Ведомствоаралық комиссияның отырысында Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың коронавирус пандемиясының екінші толқынына дайындық мәселелері жөніндегі ү. ж. 7 қазандағы кеңесте берген тапсырмаларын орындау бойынша нақты шаралар әзірленді
Талқылау қорытындысы бойынша Ведомствоаралық комиссия мемлекеттік органдармен, «Атамекен» ҰКП-мен және отандық тауар өндірушілермен талқылау қорытындысы бойынша қорғаныш маскаларына 40 теңге, бір реттік медициналық маскаларға 60 теңге мөлшерінде шекті бөлшек сауда бағасын белгіледі.
Сондай-ақ, Е. Тоғжанов жауапты мемлекеттік органдарға бизнес-қоғамдастықпен, салалық қауымдастықтармен бірлесіп, халыққа қызметтің қолжетімділігін арттыру үшін үш күндік мерзімде ПТР тестілеу бағасын төмендету мәселесін пысықтап, Ведомствоаралық комиссияның келесі отырысына келісілген ұсыныстарды шығаруды тапсырды.
Сонымен қатар, Премьер-Министрдің орынбасары бір апта мерзімде өңірлерде ПТР тестілеуді біркелкі өткізуді қамтамасыз етуді, карантиндік режимді бұзушылықтарды, оның ішінде ҚР мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде, әуежайларда, теміржол вокзалдарында анықтау бойынша мониторинг топтарының жұмысының тиімділігін арттыруды тапсырды. Шымкент қаласы, Ақмола, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының әкімдіктеріне тұрақтандыру қорларындағы дәрілік заттар резервінің көлемін ұлғайту тапсырылды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: