«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Fit for Partnership with Germany» және «Іскерлік байланыс» бағдарламаларын іске асыру қорытындылары бойынша конференция онлайн режимде өтеді

2020 жылғы 08 Қазан
4175 просмотров

4-6 қараша аралығында онлайн режимде «Fit for Partnership with Germany» (Германия) бағдарламасы және «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамыту бағдарламасының (Қазақстан)  «Іскерлік байланыс» құралын іске асыру қорытындысы бойынша кеңейтілген конференция өтеді

 Іс-шараның мақсаты – «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарласының «Іскерлік байланыс» құралы аясында Қазақстан және Германия кәсіпкерлері ынтымақтастының мүмкіндіктері мен келешегін талқылау.

 Конференцияға Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Неміс Қоғамының (GIZ) өкілдері және бағдарлама түлектері қатысады. Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Неміс Қоғамы Германия экономика және энергетика федералды министрлігімен (BMWi) қаржыландырылатын Басқарушы кадрларды дайындау бағдарламасының бас менеджері функциясын орындайды.

 «Іскерлік байланыс» бағдарламасы және Германия басқарушы кадрларды дайындау жөніндегі бағдарлама бизнес басқарушылардың барлығына біліктілікті жоғарылату, әлемнің жетекші мамандарынан тәжірибе мен білім алу, сондай-ақ халықаралық және шетелдік ұйымдардың қолдауы арқылы шетелдік серіктестермен іскерлік байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

 Бағдарлама Германияда тақырыптық бизнес-тағылымдамадан өтуді қарастырады. Төрт апталық тағылымдама барысында қатысушылар технологиялар трансфертін іске асыру, қажетті жабдық, франшиза және лицензияларды алу, тауарлар мен қызметтерді өзара жеткізу туралы келісу, сондай-ақ бірлескен кәсіпорын құру мүмкіндігіне ие болады.

 Бағдарламаға қатысуға өтінімдерді қабылдау мына сілтеме http://ds-atameken.kz/ арқылы  12 қазаннан бастап 9 қарашаға дейін жалғасады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер