«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстандағы ішкі туризмге басымдық берілуі керек

2020 жылғы 09 Қазан
5752 просмотров

Кездесу барысында «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев және ҰКП Туристік сала комитетінің төрағасы Павел Казанцев сала қызметінің негізгі векторлары – өңірлерде туристік нарық кәсіпкерлерін шоғырландыру, отандық тартымды туристік өнімдерді құру және дамытудағы мүмкіндіктер мен проблемалар, сондай-ақ пандемия кезеңінде саланы қолдаудың қажетті шараларын талқылады

Комитет төрғасы Павел Казанцев:

«Биыл туризм айтарлықтай зардап шеккен салалардың бірі болды. Қонақ үйлер, мейрамханалар, жолаушылар тасымалы, экскурсиялық қызмет пандемия зардабын көп көрді. Биыл балалар лагерлері бірде бір аусымды қабылдай алмады. Жалпы туроператорлар және турагенттердің кірісі 70%-ға, орналастыру орындарында – 80%-ға төмендеді. Түрлі өңірлерде бәсекелестік картинасы аймақтық факторлардың әсерінен, қатаң шектеу шараларының болуы немесе болмауы салдарынан жақсы немесе нашар болып құбылды».

ҰКП және салалық қоғамдастықтың қолдауы арқылы зардап шеккен салаларға көрсетілген мемлекеттік қолдау шараларының басым бөлігі туристік бизнес субъектілері үшін қолжетімді болды (салықтық, қаржылай шаралар, тексерулерді тоқтата тұру). Алайда лагерлерге 1000 АЕК көлемінде бірреттік төлем жасау және турнарық субъектілері үшін коммуналдық шығындарды субсидиялау бойынша ұсыныстар қолдау таппады.

Шекаралардың жабылуы қазақстандықтарды ел ішінде демалуға бағдарлады. Көп азаматтар қалаларға жақын орналасқан табиғи демалыс орындары, ұлттық парктер мен шипажай аймақтарына барды.

«Көлеңкелі нарықтың күрт өсуі бойынша таңғаларлық жайт байқалды. Демалыс күннің локдаундары салдарынан туристердің ұйымдастырылған топтарын демалыс орындарына апаратын туроператорлар жұмыс істей алмады, бірақ туристер өздігінше және демалыс күндердің турларын заңсыз ұйымдастырушылар демалыс орындарына еш кедергісіз барып жүрді, осы ретте олар демалыс орындарына барғандары және тасталған қоқыс үшін жауапкершілікке тартылмады. Көбейтұздағы келушілердің жабайы әрекеттері бәріне белгілі. Бір маусым ішінде қызғылт көл көрікті жерден азып-тозған, қоқыс үйіндісіне айналды. Бірқатар көрікті жерлер мен демалыс орындар туристердің шамадан тыс келуі салдарынан қоқысқа толды. Бұл мәселенің бірнеше аспектісі бар – туристер мәдениетінің төмендігі, бизнес-процестер, нысандардан қоқыстарды жинау және шығарудың төмен деңгейде ұйымдастырлуы», – деді салалық комитеттің төрағасы Павел Казанцев.

«Атамекен» басшысы табиғаттың нәзіктігі мен мәселенің экологиялық аспектісін ескере отырып, туризм және қонақжайлылық саласының өркениетті дамуының маңыздылығын атап өтті.

Спикер туризм және қонақжайлылық саласында инфрақұрылымды дамыту және іскерлік бастаманы қолдауда мемлекеттік заң шығарушы және атқарушы органдардың маңызды рөлін атап өтті. ҰКП басшысы Түркия тәжірибесін мысалға келтірді, бұл мемлекет жеке сектордың дамуын басымдыққа алып, либералды экономикалық саясатты таңдаған.

1990-шы жылдары Түркияның мәдениет және туризм министрлігі бүкіл елдегі жетекші аудандарды анықтады, мемлекеттік қаражат инфрақұрылымға: автомобиль және теміржолдар, қонақүйлерді салу, гидтерді оқыту курстары мен қонақжайлылық мектептерін ашуға бағытталды.

Ал әлеуетті инвесторларға аса тартымды стимулдар – құрылысқа арналған жерді жалға тегін беру, нысандарды салуға төмен пайыздағы несие бөлу, электр энергиясы, су және газға жеңілдетілген тарифтер, бірқатар салықтар мен төлемдерден босату көрсетілді. Нәтижесінде бүгінде ел жалпы ішкі өніміне айтарлықтай салым салып жатқан орасан зор сала құрылды.

Туристік сала комитетінің төрағасы Павел Казанцев тартымды туристік өнімді құруға назар аудартты:

 «Бізде көрсететін, туристік өнім құруға болатын дүниелер бар, бүгінде қандай нысандар  мен маршруттар барын түсініп алу керек, қай жерде инфрақұрылым элементтері немесе адами капитал жетіспейтінін анықтау қажет. Алғашқы түгендеуді «Атамекен» жүргізді, енді «Қазақтуризм», жергілікті атқарушы органдар және өңірлік палаталармен бірлесіп, осы жұмысты жалғастырып, нысандар мен маршруттарды аббаттандыру және стандарттау бойынша қажетті шараларды нүктелі анықтап алу қажет».

Түгендеу жүргізу туралы есепті «Атамекен» басшысы оң бағалады.

«Қазақстанда түрлі туристік өнім құруға барлық алғышарттар бар – табиғаты керемет курорт аймақтары (Маңғыстау, Түркістан, Шығыс Қазақстан және т.б.). Туристік өнім сапасын арттыру үшін, әрине, халықаралық тәжірибе мен әлемдік стандарттарды зерттеу қажет, бірақ мұны Қазақстан үшін негізгі нарықтарға сүйене отырып жүргізу керек»,  – деп атап өтті Тимур Құлыбаев.

Балалар және жастар арасында ел ішінде саяхаттау, табиғатқа қамқорлық таныту, экологиялық мәдениет және тұстатай мәдениетке тәрбиелеу үшін спецификалық туристік өнім қажет. Мұндай өнім музейлер, саяхаттар мен экскурсиялар қызметінің жаңартылған форматы бола алады («тірі сабақтар», геймификация және т.б.).

Бұдан бөлек, көптеген отандық демалыс орындары халық аңыздары, ертегілер және хикаялармен етене байланысқан, оларды да түрле жастағы балаларға арнап тиісінше түрлендіруге болады.

Қолөнер беделі мен өнімдер сапасын арттыру үшін колледждер базасында мамандарды дайындап, қолөнер орталықтарын ашу, орталықтар жанында көркемдік кеңестер идеясын жандандырып, өнімдерді жасауға арналған алаңдарды құру, оларды коммерциялауға көмектесу қажет.

ҰКП Төралқа Төрағасы қолөнер шеберлерін дайындау үшін жаңа мамандықтарды ашу, көркемдік кеңестер базасында сұранысқа ие бұйымдар тізімін анықтау, сондай-ақ тізім мен заманауи суреттермен көмкерілген жинақтарды басып шығару үшін аңыздар мазмұнын бекіту бойынша ұсыныстармен хатты  ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне жіберуді тапсырды.

Жиынды қорытындылай келе, ҰКП басшысы туристік индустрия және байланысты салалар үшін мамандықтар қажеттілігін зерттеу және білім берудің халықаралық стандарттарын енгізу қажеттілігін атап өтті.

«Колледждер картасын құрып, қай жерде қандай мамандықтарды дайындайды, өңірлік ерекшілігін ескере отырып туристік нарық қажеттілігін құру керек. Мәселен, Әзірбайжанда шетелден мамандарды шақырту арқылы тамақ және сусындар сервисі, қонақ үйді басқару бойынша оқу курстары ұйымдастырылады», – деді Тимур Құлыбаев.

Сондай-ақ «Атамекен» басшысының пікірінше,  өңірлерде туристік бизнесті шоғырландырып, негізгі ойыншылар жанында нарықтың барлық қатысушыларын біріктіру, өңірілк қауымдастықтар рөлін күшейту маңызды. Мұндай шара өңірлердегі кәсіпкерлердің қажеттіліктері туралы ақпаратты орталық мемлекеттік органдарға тиімдірек жеткізуге мүмкіндік береді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер