«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Құс тұмауы» вирусы: сақтану шаралары

2020 жылғы 02 Қазан
4883 просмотров

Қазақстан құс өсірушілер қауымдастығының төрағасы Руслан Шәріпов ел солтүстігіндегі құс тұмауына қатысты ситуацияға пікір білдіріп, «Бастау Бизнес» түлектері мен кәсіпкерлерге вирустан сақтану шаралары бойынша бірнеше кеңес берді.

«Құстың қырылуы үй шаруашылықтарында басталған, ары қарай екі құс фабрикасына таралған. Сарапшының пікірінше, құс тұмауы жабайы жыл құстарынан келген. Ресейдің Солтүстік Қазақстанмен шекарасындағы облыстарында құстардың жаппай қырылуы бір айдан астам уақыт жүріп жатыр. Мәселен, Омбы облысындағы Ертіс құс фабрикасында 1,5 млн күрке тауық қырылған. Біз барлық қажетті шараларды қолға алдық. Ауыл шаруашылығы министрлігі жабдық, вакцинамен қамтылған отрядты жөнелтті, қазір олар жұмыс істеп жатр»,  - деді Руслан Шәріпов.

Құс өсірушілер үшін қауіпсіздік шаралары

Құсты құрғақ орынжайда асырау қажет,  желдету режимі, ылғалдық, жем-шөп, су, ауа температурасы бойынша барлық стандарттар/нормативтер сақталуы керек. Балапандарды сатып алу кезінде олардың қарақанаттануы мен белсенділігіне назар аударылған жөн.

Құстың кез келген ауруы мен қырылуы кезінде салдарын анықтау үшін мал дәрігерін шақырту керек. Ауылдық округтің әкімдігіне хабарлау қажет. Өз бетінше шара қолдану ситуацияны қиындатып жіберуі мүмкін. Осыдан кейін ветеринарлық және санитарлық іс-шаралар жүргізіледі, құс нәжісі тазаланып, дезинфекция жүргізіледі. Егер жағдай үй шаруашылығында орын алса тосқауыл қою керек.

Егер құстың қырылуы құс фабрикасында болса, онда өткізу жүйесі, тосқауыл, зарарсыздандыру шамдары мен арнайы киім болуы шарт. Бөтен адамдарға нысанға кіруге тыйым салынады. Тіпті көршінің есік алдына барып, ауруды таратуға немесе алып келуге болады.

Қазақстанда етті және жұмыртқа өндіру бағытында 56 құс фабрикасы жұмыс істейді, көлемі 45 млн бас. Өткен жылы 5,5 млрд дана жұмыртқа өндірілді. Өндірілген жұмыртқа елді қамтып, қалғаны экспортталады. 235 мың тонна ет өндірілді – бұл қажеттіліктің 43%-ы. АҚШ, Беларусь және Ресейден 140 мың тонна құс еті импорталады.

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша 2017 жылдан бастап 854 түлек құс өсірумен айналысады. Әр жыл сайын құс өсірушілер саны артып келеді. Мәселен, 2017 жылы – жобаның 45 түлегі осы салада кәсіп ашты, 2019 жылы олардың саны 522 адам болды. 2020 жылдың бірінші жартысында жобаның 174 түлегі құс өсірумен айналысады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер