Темекі өнімдерін таңбалаудың бірінші кезеңі басталды
1 қазаннан бастап Қазақстанда темекі өнімдерін міндетті таңбалау және бөлшек сатуда оларды айналымнан шығару басталды
Бірінші кезеңнің қатысушылары эмиссияны және өнімге таңбалау кодттарын енгізуді іске асыратын өндірушілер/импорттаушылар, сондай-ақ бақылау-кассалық машиналар көмегімен темекі өнімдерін сататын бөлшек сауда өкілдері болды.
Таңбаланған темекі өнімдерін сату және айналымның шығаруды іске асыру үшін Data Matrix кодын есептейтін 2D сканерін қондыру керек немесе Техникалық қызмет көрсету орталықтары арқылы қолданыстағы бақылау-кассалық машиналардың жаңартылуын тексеру керек.
Екінші кезең 2021 жылдың 1 қаңтарынан басталады, онда тауар айналымының барлық қатысушыларының міндетті түрде қадағалануы шеңберінде құжаттар береді.
Таңбалау және тауарлар бақылануының ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу үшін сілтеме elk.prod.markirovka.ismet.kz арқылы өтіп, темекі өнімдерін айналымына қатысушы ретінде тіркелу қажет.
Темекі өнімдерін таңбалау бойынша толық ақпаратты бірыңғай операторға хабарласып, білуге болады: 8 (800) 080-65-65 (қоңырау шалу тегін), сайт: www.ismet.kz/ru/, сондай-ақ ресми парақшалар: www.facebook.com/markirovka.kz, t.me/markirovkatovarov.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: