«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Туризм саласындағы кәсіпкерлердің мәселелері тыңдалды

2020 жылғы 29 Қыркүйек
- Жамбыл облысы
3889 просмотров

«Қолөнер және туризм орталығы» ғимаратында өткен жиналыста туризм саласына қатысты проблемалық сұрақтар көтерілді

Жиналысқа Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Алмас Мадиев, Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ернұр Нұржігітов, Жамбыл туристік индустрия қауымдастығының төрайымы Балагүл Махатова, Жамбыл облысының ішкі және көшпелі туризмі қауымдастығының төрайымы Альбина Веймер, «Набоко» сауда үйінің директоры Ирина Набоко, жеке кәсіпкер Нұрмұхамед Исаков қатысты.

Кездесуде төмендегі жобалар таныстырылды:

«Қазақ ауылы Көксай» этно жобасы, «Көксай»туристік базасы» инвест жобасы, «Жамбыл облысында балалар-жасөспірімдер туризмін дамыту туралы, «Набоко» сауда үйінің тұсаукесері, туристік маршруттарға «Набоко» сауда үйін қосу мүмкіндігін қарастыру туралы.

Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы тарапынан келесідей мәселелер көтерілді:

- Пандемияға байланысты төтенше жағдайдың енгізілуіне және шектеу шараларына байланысты туристердің келуі тоқтады, демек, бүгінгі таңда туризм саласында кіріс жоқ, соның салдарынан салық, несие, коммуналдық қызметтер және т. б. төлеуге мүмкіндік жоқ. Бұл мәселе республикалық жобалық кеңсенің жедел штабына жіберілді.

«Соңғы үш жыл ішінде БЖК - 2025 бағдарламасы аясында Берікқара шатқалындағы «Тау Самалы» демалыс аймағында кәріз жүргізу мәселесі бірнеше рет көтерілді. Жобаның жалпы құны 45 млн. тг. Сараптамасымен бірге жобалық-сметалық құжаттама әзірленді, ол 2020 жылдың шілдесіне дейін жарамды болды. Кәріз жүргізу мәселесі барлық деңгейде көтерілді. Кәсіпкерлік басқармасы ӨҮК-ке өтінім жіберді, онда келісім алынды, бірақ қаржыландырылмады. 2020 жылы энергетика басқармасы экономика бөліміне екі рет жүгінді, олар оны Еңбек министрлігіне хат жібердік деген уәжбен қайтарды. Әлі күнге дейін оң немесе теріс жауап жоқ. Облыс және Жуалы ауданының барлық басшылығы осы және алдыңғы мәселелер шешіледі деп уәде береді.Облыстың және Жуалы ауданының барлық басшылығы (қазіргі де, бұрынғы да) осы мәселе шешіледі деп уәде беріп келеді. Алайда, осы уақытқа дейін мәселе шешімін таппай келеді», – деді Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ернұр Нұржігітов.

Келесі сұрақты «Каралма» ЖШС директоры Балагүл Махатова көтерді.

10 жылдан астам уақыт бойы кешеннің інжу-маржандарының бірі бола алатын туристік нысан – «Көксай» этноауылын құруды жақтап келеді, өйткені оны тау шаңғысы базасымен қатар, біздің облыстың ең әдемі жерлерінің бірі – Жуалы ауданында да іске асыруға болады. Жуалы ауданында орналасқан «Каралма» ЖШС-нің жер учаскелері орналасу жағынан үлкен басымдыққа ие: «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автомобиль-көлік дәлізі бойымен, Жібек жолының Чананг-Тянь-Шань дәлізі бойымен (ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұралар тізіміне енгізілген), ол Ақсу-Жабағылы қорығымен шектеседі. Сонымен қатар, жобаны іске асыру жоспарланған аумаққа инфрақұрылым (электр, су) қосылған. Жобаның бас жоспарын осыған ұқсас жобаларды жасау мен жүзеге асыруда үлкен тәжірибесі бар неміс сәулетшісі жасады. Инфрақұрылымсыз жобаның бірінші және екінші кезеңдерінің жалпы құны 1 млрд теңгені құрайды, өтелу мерзімі 10 жыл, шамамен 10 жылға таза пайданың болжамы 2,0 млрд теңгені құрайды, шамамен 150 жұмыс орнын құру жоспарлануда. 

"Аймақтың туристік имиджін жақсартуға, азаматтар мен қонақтарға арналған қазіргі заманғы демалыс орнына географиялық қол жетімділікті арттыруға, жергілікті халықты жұмыспен қамтуға, қосымша қызметтер көрсету және т.б. мүмкіндік беретін жобаны іске асыру үшін «Көксай» этноауылының жобасын қаржыландыру мәселесін шешуге көмектесу қажет. «Республикалық бюджеттен «Каралма» тау шаңғысы курортымен бірге немесе инвестицияларды тарту қажет» - дейді кәсіпкер.

«Бұл мәселені шешу жолында облыс әкімі аппаратына, туризм басқармасына республикалық бюджеттен «Көксай» этноауыл жобасын қаржыландыру мәселесін шешуге көмек көрсету өтінішімен хат жолданды» – деп жауап берді Ернұр Нұржігітов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер